https://sputnik.kz/20220823/qazaqstanda-shygyndy-zhaba-almaytyn-auezhaylarga-subsidiya-beriledi-26974931.html
Шығынды жаба алмайтын әуежайларға субсидия беріледі
Шығынды жаба алмайтын әуежайларға субсидия беріледі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. "Ашық сағат алаңы" жобасы аясында өңірлердегі әуежайларды субсидиялау мәселесіне арналған жиын өтті, деп хабарлады индустрия... 23.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-23T19:51+0500
2022-08-23T19:51+0500
2022-08-23T19:57+0500
әуежай
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17822755_0:320:3073:2048_1920x0_80_0_0_1bee59a6a1d9bdcc3984ea3eccada54f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. "Ашық сағат алаңы" жобасы аясында өңірлердегі әуежайларды субсидиялау мәселесіне арналған жиын өтті, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.ИИДМ азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтеповтың айтуынша, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өзгерістер үкіметте мақұлданып, ол мәжілістің қарауына жолданды. Аталған өзгерістер операциялық шығындарды жабуға кіріс деңгейі жетпейтін жергілікті әуежайларды субсидиялау механизмін қарастырады.Бұл өзгерістер енгізілгеннен кейін жылдық жолаушылар ағыны 200 мыңнан төмен коммуналдық меншіктегі әуежайлар субсидияланбақ.Осыған орай әуежайларды субсидиялаудың жаңа ережесі бекітілмек.Сондай-ақ ол әуежайларды субсидиялау шарасы "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасында да қарастырылғанын айтты."Ел аймақтарын экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларын кешенді қолдаудың арқасында ондағы әуежайлардың инфрақұрылымы мен адами ресурстарын жаңғыртуға мүмкіндік тумақ. Бұл – жолаушылар мен жүк тасымалына оң әсер етіп, тың серпін бермек", – дейді комитет төрағасының орынбасары.Басқосу барысында қатысушылар заң жобасы мен өңірлердегі әуежайларды субсидиялау тетігін одан әрмен жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17822755_69:0:2800:2048_1920x0_80_0_0_3fc43bce71963a7b9ae0fe8899b576ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуежай
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. "Ашық сағат алаңы" жобасы аясында өңірлердегі әуежайларды субсидиялау мәселесіне арналған жиын өтті, деп хабарлады индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
ИИДМ азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Ардақ Өтеповтың айтуынша, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына өзгерістер үкіметте мақұлданып, ол мәжілістің қарауына жолданды. Аталған өзгерістер операциялық шығындарды жабуға кіріс деңгейі жетпейтін жергілікті әуежайларды субсидиялау механизмін қарастырады.
Бұл өзгерістер енгізілгеннен кейін жылдық жолаушылар ағыны 200 мыңнан төмен коммуналдық меншіктегі әуежайлар субсидияланбақ.
"Бүгінгі таңда еліміздегі көптеген жергілікті әуежай қаржылық қиындыққа тап болып отыр. Бұл ұшу қауіпсіздігіне әсер ететіні белгілі. Себебі қаржының жеткіліксіздігі тиісті техникалық жаңалау жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіреді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында осы тараптағы заңға өзгерістер енгізу қажеттілігі туындады. Жуық арада аталған өзгерістер заңға енгізіледі деп жоспарланып отыр", - дейді Өтепов.
Осыған орай әуежайларды субсидиялаудың жаңа ережесі бекітілмек.
Сондай-ақ ол әуежайларды субсидиялау шарасы "Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасында да қарастырылғанын айтты.
"Ел аймақтарын экономикалық және әлеуметтік дамыту бағдарламаларын кешенді қолдаудың арқасында ондағы әуежайлардың инфрақұрылымы мен адами ресурстарын жаңғыртуға мүмкіндік тумақ. Бұл – жолаушылар мен жүк тасымалына оң әсер етіп, тың серпін бермек", – дейді комитет төрағасының орынбасары.
Басқосу барысында қатысушылар заң жобасы мен өңірлердегі әуежайларды субсидиялау тетігін одан әрмен жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.