https://sputnik.kz/20220823/qazaqsta-resey-tauar-aynalymy-26944809.html
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы бірінші жартыжылдықта 5%-ке өсті
Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы бірінші жартыжылдықта 5%-ке өсті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен... 23.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-23T11:41+0500
2022-08-23T11:41+0500
2022-08-23T11:41+0500
экономика
тауар
ресей
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/05/14/24939978_0:0:3637:2046_1920x0_80_0_0_92589125efcb82d1be4d0d974325a740.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ке артып, 11,6 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл ретте Қазақстандағы жалпы сауда көлеміндегі Ресей Федерациясының үлесі бір жылда 27,3%-тен 18,3%-ке дейін төмендеді, деп хабарлайды Ranking.kz. 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан экспортының көлемі 3,4 миллиард долларды құрады, нақты өсім – 0,5%-ке тең. "Өз кезегінде Ресей Федерациясынан Қазақстанға импорт бір жылда 7%-ке өсіп, 8,3 миллиард долларды құрады. Қазақстанның жалпы импортындағы Ресей үлесі бір жылда азайғанымен, әлі де 38,5%-ті құрап отыр", - деп жазылған хабарламада. 2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстаннан Ресейге бір жыл бұрынғыдан 3,5 есе көп трактор экспортталды. Қазақстаннан Ресей Федерациясына қаңтар-маусым айларында сомасы 574,7 миллион долларды құрайтын 448,8 мың тонна бейорганикалық химия өнімдері, бағалы металдардың бейорганикалық немесе органикалық қосылыстары, радиоактивті элементтер немесе изотоптар экспортталды. Сондай-ақ , 400,3 миллион АҚШ долларына темірден, қоспасыз және қоспалы болаттан дайындалған жалпақ жайма, сондай-ақ 217,3 миллион долларға күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір рудалар мен концентраттар экспортталды.
ресей
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/14/24939978_556:0:3287:2048_1920x0_80_0_0_2be12381f0c4e11508c042039ff00fbd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тауар, ресей, қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ке артып, 11,6 миллиард АҚШ долларына жетті.
Бұл ретте Қазақстандағы жалпы сауда көлеміндегі Ресей Федерациясының үлесі бір жылда 27,3%-тен 18,3%-ке дейін төмендеді, деп хабарлайды Ranking.kz.
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстан экспортының көлемі 3,4 миллиард долларды құрады, нақты өсім – 0,5%-ке тең.
"Өз кезегінде Ресей Федерациясынан Қазақстанға импорт бір жылда 7%-ке өсіп, 8,3 миллиард долларды құрады. Қазақстанның жалпы импортындағы Ресей үлесі бір жылда азайғанымен, әлі де 38,5%-ті құрап отыр", - деп жазылған хабарламада.
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстаннан Ресейге бір жыл бұрынғыдан 3,5 есе көп трактор экспортталды.
Қазақстаннан Ресей Федерациясына қаңтар-маусым айларында сомасы 574,7 миллион долларды құрайтын 448,8 мың тонна бейорганикалық химия өнімдері, бағалы металдардың бейорганикалық немесе органикалық қосылыстары, радиоактивті элементтер немесе изотоптар экспортталды.
Сондай-ақ , 400,3 миллион АҚШ долларына темірден, қоспасыз және қоспалы болаттан дайындалған жалпақ жайма, сондай-ақ 217,3 миллион долларға күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір рудалар мен концентраттар экспортталды.