Нұр-Сұлтанда ірі сауда орталығы мен емханаларда эвакуация жасалды – видео

© Sputnik / Серикжан КовланбаевТоргово-развлекательный центр "Мега"
Торгово-развлекательный центр Мега - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше мемлекеттік және кәсіпкерлік нысандардан адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде астанадағы Mega Silk Way сауда орталығының сыртында түсірілген видео тарады. Далада арнайы қызмет көліктері тұр. Дабыс хабарламасы қосылып тұр. Ал адамдардың бәрі далаға шығарылды.
Ішкі істер министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, таңғы сағат 03:50-де полицияға авиациялық қауіпсіздік инспекторы хабарласып, әуежайдың электрондық поштасына түскен хат туралы айтты.
Онда сот ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы айтылған.
"Ал сағат 09:11-де "Park INN" қонақ үйінің, емханалардың, сондай-ақ, "Mega Silk Way" сауда ойын-сауық ғимараттарында бомба жасыру фактісі туралы хабарламалар келіп түсті", - дейді полицейлер. Құқық қорғау органдары тексеріс өткізді. Жарылғыш заттар табылған жоқ.
Айта кетері, тура сондай жағдай наурыздың соңында болған. Белгісіз біреулер бірнеше ірі сауда және ойын-сауық орталығына бомба қойылғаны туралы ақпарат таратқан. Елорда әуежайына да хат жіберілген болатын.
Жаңалықтар
0