https://sputnik.kz/20220823/astyq-tusimi-zhyldyq-korsetkish-26942905.html
Биыл астық түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады – Смайылов
Биыл астық түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болады – Смайылов
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрлігіне егін орағын уақытында және сапалы өткізуді тапсырды, деп... 23.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-23T10:29+0500
2022-08-23T10:29+0500
2022-08-23T10:29+0500
экономика
астық
ауыл шаруашылығы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26147982_0:131:1280:851_1920x0_80_0_0_22e8fee3b22bda134f5122bcc37a7b77.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрлігіне егін орағын уақытында және сапалы өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Премьер егін орағына дайындық мәселесін тоқтап, үкімет қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдағанын атап өтті. "Енді тек жұмыс істеу ғана қалып тұр. Биылғы жылы болжам бойынша, астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек", - деді Смайылов үкімет отырысында. Ол ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге егін орағын уақытында және сапалы өткізуді тапсырды. Сондай-ақ элеваторлар астықты қабылдауға және сақтауға дайын болуы керек. Ауыл шаруашылығы, индустрия министрліктері мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы әкімдіктермен бірлесіп, вагондармен қамтамасыз ету және логистика мәселесін шешуге тиіс. Ауыл шаруалығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, биыл қолайлы ауа райы егін жинау жұмыстарын уақтылы бастауға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 2,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектарды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 387,1 мың гектарға көп. Оның ішінде дәнді дақылдарды жинау алаңы 16,1 млн. гектарды құрап отыр. Әлеуметтік маңызы бар дақылдар арасында бидай жинау алаңы 12,9 млн гектарды құрайды, оның 1 054,3 мың гектары немесе 10,1%-ы гектарына 14,4 центнер өнімділікпен жиналды, 1,5 млн тонна бастырылды. Майлы дақылдардан 3 463,4 мың гектардың егіні жиналуы тиіс, бүгінгі күні гектарына 7,0 центнер өнімділікпен 16,6 мың га жиналды. Картоп 198,9 мың га алаңнан жиналады, қазір 675,7 мың тонна өнім жиналды, өнімділігі гектарына 203,3 центнер. Көкөніс жинау алаңы 169,7 мың га құрайды, 253,0 ц/га түсімділігімен 1,9 млн тонна жиналды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26147982_110:0:1245:851_1920x0_80_0_0_ea3a4adf83ab4e11aedf524d8c957d40.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, ауыл шаруашылығы
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов ауыл шаруашылығы министрлігіне егін орағын уақытында және сапалы өткізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Премьер егін орағына дайындық мәселесін тоқтап, үкімет қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдағанын атап өтті.
"Енді тек жұмыс істеу ғана қалып тұр. Биылғы жылы болжам бойынша, астықтың түсімі орташа жылдық көрсеткіштен жоғары болуы керек", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Ол ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктерге егін орағын уақытында және сапалы өткізуді тапсырды. Сондай-ақ элеваторлар астықты қабылдауға және сақтауға дайын болуы керек.
Ауыл шаруашылығы, индустрия министрліктері мен "Қазақстан темір жолы" компаниясы әкімдіктермен бірлесіп, вагондармен қамтамасыз ету және логистика мәселесін шешуге тиіс.
Ауыл шаруалығы министрі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, биыл қолайлы ауа райы егін жинау жұмыстарын уақтылы бастауға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні республика бойынша барлығы 2,2 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды.
"Гектарына орта есеппен 14,6 центнер түсімділікпен 3,3 млн тонна астық бастырылды. Жаппай егін жинау республиканың барлық өңірінде басталғанын атап өту қажет", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.
Айтуынша, биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,4 млн гектарды құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 387,1 мың гектарға көп. Оның ішінде дәнді дақылдарды жинау алаңы 16,1 млн. гектарды құрап отыр.
Әлеуметтік маңызы бар дақылдар арасында бидай жинау алаңы 12,9 млн гектарды құрайды, оның 1 054,3 мың гектары немесе 10,1%-ы гектарына 14,4 центнер өнімділікпен жиналды, 1,5 млн тонна бастырылды.
Майлы дақылдардан 3 463,4 мың гектардың егіні жиналуы тиіс, бүгінгі күні гектарына 7,0 центнер өнімділікпен 16,6 мың га жиналды.
Картоп 198,9 мың га алаңнан жиналады, қазір 675,7 мың тонна өнім жиналды, өнімділігі гектарына 203,3 центнер. Көкөніс жинау алаңы 169,7 мың га құрайды, 253,0 ц/га түсімділігімен 1,9 млн тонна жиналды.