"Армия-2022" форумы: РФ Қарулы күштері қандай әскери техникаға тапсырыс берді

© Photo : пресс-служба министерства обороны КазахстанаТанкисты из Казахстана готовятся к АрМИ-2020
Танкисты из Казахстана готовятся к АрМИ-2020 - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2022
Жазылу
"Армия-2022" халықаралық әскери-техникалық форумы әлемнің 72 елінен он мыңдаған маман мен қатысушының назарын аударып, Ресейдің жоғары қорғаныс технологиялары саласында көшбасшы екенін растады, серіктестерге ғылыми және өндірістік бағдар беріп, сондай-ақ ресейлік армия мен флотты қаруландыруды жеделдетті. Бұл туралы ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко жазды.
15-21 тамызда өткен форум барысында Ресей Федерациясының қорғаныс-өнеркәсіптік кешеніндегі 24 кәсіпорынмен 525 миллиард рубльден астам сомаға (8,75 миллиард долларға тең) 36 мемлекеттік келісімшартқа қол қойылды. Яғни, 36 мемлекеттік келісімшарт бойынша бастапқы жоспар бірнеше миллиард рубльге артығымен орындалды. Ресей Қарулы күштері орта мерзімді келешекте 3700-ден астам жаңа техника түрін алады.
Украинадағы арнайы әскери операция кезінде техниканы соғыс мақсатында пайдалануды, Ресей өнеркәсібінің мүмкіндіктерін және әлемдегі қазіргі әскери-саяси жағдайды ескере отырып, Ресей қорғаныс министрлігі мемлекеттік қорғаныс тапсырыс жасады. Ең заманауи және тиімді әскери техниканы сатып алуға ерекше көңіл бөлінді.
Ресей Федерациясының Қарулы күштері соңғы үлгідегі РС-28 "Сармат" құрлықаралық баллистикалық зымырандардың, С-500 "Прометей" зениттік зымыран кешендерінің, "Циркон" және "Кинжал" гипердыбысты зымырандарының, "Лотос-М" барлау спутниктерінің, Су-34 бомбалаушы ұшақтарының, Ка-52М және Ми-28НМ шабуылдау тікұшақтарының, Т-90М "Прорыв", Т-80БВ және Т-72В3 танктерінің, БТР-82А броньдалған тасымалдаушыларының, "Искандер-М" зымырандарының, "Оникс" кемеге қарсы зымырандарының, "әуе-жер беті" басқарылатын авиация зымырандарының, УАБ-20 басқарылатын бомбаларының, "Иноходец", "Орлан-10", "Орлан-30", "Элерон-3" пилотсыз ұшатын аппараттарының, сондай-ақ 06363 жобасының үш дизель-электрлі сүңгуір қайықтарының партияларын алады. Бұл толық тізім емес, бірақ басымдықтары анық айқындалып тұр.
"Ресей жер орбитасынан бастап мұхит тереңдігіне дейінгі әскери пайдаланудың барлық саласында қорғаныстың эшелондалған жүйесін (ұлттық қауіпсіздікті) нығайтуды және жетілдіруді көздеп отыр. Сонымен қатар, Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің технологиялық басымдылығы агрессорға жойқын тойтарыс бере алатын нұсқа болып табылады және ол ресейліктерге болашаққа оптимистік көзқараспен қарауға мүмкіндік береді", - деп жазды Хроленко.
Әскери шолушының пікірінше, Батыс елдері 24 ақпаннан кейін Киев режиміне қару-жарақ пен барлау ақпаратын жеткізу арқылы Ресейдің екі негізгі одақтасы армия мен флот екеніне және батыстық серіктестермен жасалған келісімдер сенімді емес екеніне көз жеткізді. АҚШ пен оның серіктері кез келген халықаралық құжатты өз пайдасына қарай түсіндіруге немесе біржақты тәртіпте келісімшарттан шығу салуға бейім.
Ресей Федерациясының 30 субъектісінде "Армия-2022" форумының көрме алаңдарында қару-жарақ пен техниканың 28 мыңнан астам түрі орналастырылып, 1,9 миллионнан астам адамның, оның ішінде 85 шет мемлекет делегацияларының назарына ие болды.
"Рособоронэкспорт" бас директоры Александр Михеев бесінші буынға жататын Су-57 жойғыш ұшағы мен Т-14 "Армата" танкінің таныстырылымы мамандар мен жұртшылық арасында ерекше қызығушылық тудырғанын атап өтті. Біріккен авиация жасау корпорацияның бас директоры Юрий Слюсарь жақын болашақта ресейлік авиатасымалдаушылар үшін Су-57 нұсқасында дайындалатын кеме туралы айтты. "Циркон" и "Кинжал" сериялы гипердыбыстық зымырандары, "Ангара" А5В ауыр зымыран тасымалдағыштарына тоқталмай-ақ, Ресей форумға келген мамандар мен қонақтарды таңғалдыра алды.
"Армия" форумы дәстүрлі түрде ресейлік жоғары технологиялық әскери және қосарлы мақсаттағы өнімдердің экспортына ықпал етеді, армия мен флотты заманауи қару-жарақпен, әскери және арнайы техникамен қайта жарақтандыру бойынша мемлекеттік саясаттың жоғары тиімділігін көрсетеді", - дейді әскери шолушы.
Әскери-техникалық ынтымақтастық аясында "Рособоронэкспорт" жедел түрде құны 390 миллион доллардан асатын екі келісімшарт жасады. Әдетте, қару-жарақ көрмелері бірнеше апта мен айдан кейін шетелдік тапсырыс берушілермен келісімшарт жасауға әкелед.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0