Бес жылда – 2 млрд түп ағаш: кейбір өңірлер қаржының аздығынан жоспарды орындай алмай отыр

© Sputnik / Болат ШайхиновПосадка деревьев
Посадка деревьев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2022
Жазылу
Былтыр 66 мың гектар алаңға (138 млн ағаш) ағаш отырғызылды
НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазақстанда бес жылда екі млрд ағаш егу бойынша ауқымды жоспар орындалмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президеттің тапсырмасымен бес жыл ішінде 2 млрд түп ағаш отырғызу туралы ауқымды жоба іске асырылып жатыр.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, былтыр 66 мың гектар алаңға (138 млн ағаш) ағаш отырғызылды.
"Алайда, биыл кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде қаржыландыру аз болғандықтан, жоспарлы көрсеткіш орындалмай қалуы мүмкін", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Үкімет басшысы Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне қаржы министрлігімен бірлесіп, осы жылы ағаш егудің жоспарланған көлемін қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Жаңалықтар
0