Қоғам

Тоқаев Түркия президентіне көңіл айтты

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда, архивтегі сурет
Ақорда, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НовостиTelegram
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Мардин және Газиантеп провинцияларындағы жантүршігерлік жол апаттарынан көп адамның қаза табуы мен бірқатар азаматтың ауыр жарақат алуына байланысты президент Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Осындай қиын сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Марқұмдардың Алла Тағаланың шапағатына бөленуін, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.
Еске салсақ, 20 тамызда Түркияның Газиантеп провинциясында Газиантеп-Низип тас жолында жедел жәрдем, жолаушылар автобусы, өрт сөндіру көлігі мен журналистер мінген автобус соқтығысты. Салдарынан 16 адам қаза тауып, 31-і жараланды.
Сондай-ақ Мардин провинциясында жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті. Жергілікті БАҚ ақпаратынша, көліктің тежегіші істен шыққан. Соңғы мәліметке сүйенсек, жол апатынан 19 адам көз жұмды, жиырмадан астамы зардап шекті.
Жаңалықтар
0