Павлодарлық зейнеткерден 35 келіден астам есірткі тәркіленді – видео

© Photo : ДВД АстаныМарихуана
Марихуана - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. 67 жастағы павлодарлықтан 33 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткіні өткізу және сақтау күдігі бойынша 67 жастағы қала тұрғынын ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды.
"Ұсталған азаматтың тұрғылықты жерінен 33 келіден астам марихуана және 3,3 келіден астам гашиш табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жаңалықтар
0