Өңірлер

Павлодар облысында көлік аударылып, жүргізуші мерт болды

© Іщкі істер министрлігіПавлодар облысы жол апаты
Павлодар облысы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
1969 жылы туған жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында жол апаты салдарынан жүргізуші қаза болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 тамызда сағат 18.00-де Қалқаман ауылы маңындағы Қалқаман – Баянауыл-Керней автожолында Mercedes-Benz E 220 автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, көлікпен кюветке аударылып кеткен.
"Жүргізуші алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. 1969 жылы туған жолаушы жарақатымен ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция атап өткендей, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Медициналық сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.
Жаңалықтар
0