https://sputnik.kz/20220822/pavlodar-oblysy-akiminin-orynbasary-qatan-sogis-aldy-26932608.html
Павлодар облысы әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды
Павлодар облысы әкімінің орынбасары қатаң сөгіс алды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының әкімі өзінің орынбасары Айзада Құрманованың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлады аймақ... 22.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-22T18:04+0500
2022-08-22T18:04+0500
2022-08-22T18:04+0500
сөгіс
https://sputnik.kz/img/old/958/27/9582729_0:89:3325:1959_1920x0_80_0_0_4eac2319f8d773ea52fb31cffae8f990.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының әкімі өзінің орынбасары Айзада Құрманованың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.Айзада Құрманова білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты сынды әлеуметтік салаларға жетекшілік етеді және халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейді.Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары қарамағындағы қызметкерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін отставкаға кетуге өтініш білдірді.Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставкаға кету туралы өтінішті қабылдамады."Дегенмен Айзада Құрманова қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан баспасөз хабарламасында.Sputnik Қазақстан хабарлағандай, 19 шілдеде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының бұрынғы басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімі шықты.Сондай-ақ шенеунік мемлекеттік қызметте және басқа да мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады.Оның асырауында екі кішкентай баласы бар болғандықтан, жазасын өтеу мерзімі бес жылға шегерілді.Экс-шенеунік қала мектептерінің біріне Бөкейханның бюстін дайындау туралы келісімшарт жасасып, орындалған жұмысты кедергісіз қабылдау үшін астаналық мүсіншіден 1 миллион теңге пара талап еткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/958/27/9582729_296:0:3027:2048_1920x0_80_0_0_01ae9a04270b9af9fdd396c4ad849125.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сөгіс
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының әкімі өзінің орынбасары Айзада Құрманованың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамады, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.
Айзада Құрманова білім, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты сынды әлеуметтік салаларға жетекшілік етеді және халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейді.
Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары қарамағындағы қызметкерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін отставкаға кетуге өтініш білдірді.
Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставкаға кету туралы өтінішті қабылдамады.
"Дегенмен Айзада Құрманова қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған облыс әкімдігі таратқан баспасөз хабарламасында.
Sputnik Қазақстан хабарлағандай, 19 шілдеде Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат басқармасының бұрынғы басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған қатысты 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру үкімі шықты.
Сондай-ақ шенеунік мемлекеттік қызметте және басқа да мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылады.
Оның асырауында екі кішкентай баласы бар болғандықтан, жазасын өтеу мерзімі бес жылға шегерілді.
Экс-шенеунік қала мектептерінің біріне Бөкейханның бюстін дайындау туралы келісімшарт жасасып, орындалған жұмысты кедергісіз қабылдау үшін астаналық мүсіншіден 1 миллион теңге пара талап еткен.