Елордада жолда келе жатқан көлік өртеніп кетті – видео

© Photo : Нұр-Сұлтан төтенше жағдайлар департаментіНұр-Сұлтанда автокөлік өртеніп кетті
Нұр-Сұлтанда автокөлік өртеніп кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл көлік көшенің қақ ортасында жанып кетті. Оқиға орнына өрт сөндірушілер шақырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 10:00-дің шамасында Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесімен келе жатқан көлік Іле көшесінің қиылысындағы бағдаршамға тоқтаған кезде өртке оранды.
"Volkswagen Passat маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігінен өрт шыққан. Көлік толығымен жанып кетті ", - дейді құтқарушылар.
Оқиға орнына бес өрт сөндіруші барды. Олар қысқа уақыттың ішінде өртті сөндірді.
Жаңалықтар
0