Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ердоған Украина президентінің қазіргі күйіне қатысты пікір білдірді

© AFP 2024 / ADEM ALTANРеджеп Тайип Эрдоган
Реджеп Тайип Эрдоган - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Львовқа сапары кезінде Владимир Зеленскийдің бірқатар мәселеге қатысты алаңдаушылығын сезінгенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Ердоған Львов қаласына сапармен барып, президент Зеленскиймен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутеррешпен кездесіп, Украинадағы қақтығысты тоқтату мәселесін талқылады.
"Алаңдаулы, қатты алаңдаулы (Зеленский). Оны алдап жүргендер көп. Барлығы "береміз, береміз" дейді де, бірақ іс жүзінде ештеңе бермей отыр", - деді Ердоған фермерлермен кездесуі барысында Зеленский туралы қойылған сұраққа жауап беріп. Видеоны Ulusal TV телеарнасы жариялады.
Алайда телеарна Ердоған "алдап жүргендер" деп кімді меңзегенін нақты атамады.
Тамыз айының ортасында Politico Киевке көмек көрсету бойынша Ukraine Support Tracker деректер базасын жүргізетін Кильск әлемдік экономика институтының деректеріне сілтеме жасай отырып, Еуропадағы алты ірі мемлекет Ресейдің Украинадағы арнайы операциясы басталғаннан бері алғаш рет Киевке шілде айында ешқандай әскери көмек ұсынбағанын көрсетті.
Саяси және стратегиялық талдау орталығының (StratPol) геосаясат жөніндегі сарапшысы Ксавье Моро Еуроодақ елдерінде қару-жарақ тапшылығы мен елдің төлем жасай алмауына байланысты шілде айында Украинаға әскери көмек ұсынылмады деп есептейді.
Бірнеше күн бұрын Welt газеті Украинаның үкіметіндегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап, украин дипломаттары маусым айынан бері Германия үкіметінен бірнеше рет қосымша қару-жарақ сұрағанын, бірақ ол еш нәтиже бермегенін жазған. Германияның қорғаныс министрлігі бундесвердің қару-жараққа мұқтаж екенін, өйткені ол НАТО бойынша одақтастық міндеттемелерін орындауы қажет екенін алға тартқан.
Басылым соңғы рет Германия канцлері Олаф Шольцтың 1 маусымда Бундестагта сөйлеген сөзінде Украинаға ауқымды көлемде қару-жарақ жеткізуге міндеттеме алғанын атап көрсетті. Ал Украинаның Берлиндегі қызметтен кеткен елшісі Андрей Мельник Киевке арналған ауыр қару-жарақ жеткізулерінің көлеміне қатысты Германия үкіметіне шағымданып, неміс билігі Киевпен әскери қарым-қатынастан басын алып қашып отырғанын мәлімдеді. Бұл ретте Шольц Германияның Украинаға қару-жарақты жеткілікті көлемде бағыттап отырғанын айтты.
Бұған дейін Ресей Федерациясы Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты барлық елге, соның ішінде АҚШ-қа нота жолдады.
Жаңалықтар
0