https://sputnik.kz/20220822/bishkekte-militsiyaga-zhudyryq-zhumsagan-qazaqstan-azamaty-ustaldy-26911415.html
Бішкекте милицияға жұдырық жұмсаған Қазақстан азаматы ұсталды
Бішкекте милицияға жұдырық жұмсаған Қазақстан азаматы ұсталды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Бішкек қаласында милиция қызметкерін ұрғаны үшін Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Бішкек қаласының... 22.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-22T10:30+0500
2022-08-22T10:30+0500
2022-08-22T10:30+0500
қоғам
бішкек
қазақстан азаматы
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602245_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_63a12607a10b88142429c334a4602183.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Бішкек қаласында милиция қызметкерін ұрғаны үшін Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Бішкек қаласының Ленин аудандық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап. Бұған дейін әлеуметтік желіде қаладағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрда екі әйел мен ер адам жас жігітті жұлқылап жүр. Ол Қазақстан азаматы болып шықты. Жерлесіміз бір баланы қорғаймын деп, жанжалдың ортасында қалғанын айтты. Артынан бір ер адам келген. Милиция куәлігін көрсеткен жоқ. Екеуі ерегесіп қалды. Сол кезде қазақстандық оны бір ұрды. Оны да соққыға жыққан. Бішкектің ішкі істер органдары таратқан мәліметке сәйкес, 17 тамызда "102"-ге Жас Гвардия даңғылында милиционер ұрғаны туралы хабар түскен. Ал А. А. есімді милиция қызметкері ұлттық госпитальдің көмегіне жүгінді. Оның мұрын сүйегі сынған, көзі көгеріп, бас сүйек-ми жарақатын алды. "Миы шайқалды" деген диагноз да қойылды. "2003 жылы туған күдікті К. А. Бішкек қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ленин аудандық сотының үкімімен үй қамаққа отырғызылды. Оның анасы жазбаша арыз түсіріп, белгісіз адамдарға қатысты шара қолдануды сұрады. Олар, шамамен, 14:00-де баласына дене жарақатын салған", — дейді милиция қызметкерлері. Қазіргі кезде милиция қызметкері мен күдіктіке қатысты сараптамалар тағайындалды. 18 тамызда қылмыстық іс Ленин аудандық прокуратурасына жіберді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.
бішкек
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602245_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_a43d6195a4f996fe43b5e090562b1d8c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бішкек, қазақстан азаматы
бішкек, қазақстан азаматы
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Бішкек қаласында милиция қызметкерін ұрғаны үшін Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан Бішкек қаласының Ленин аудандық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қаладағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрда екі әйел мен ер адам жас жігітті жұлқылап жүр. Ол Қазақстан азаматы болып шықты. Жерлесіміз бір баланы қорғаймын деп, жанжалдың ортасында қалғанын айтты. Артынан бір ер адам келген. Милиция куәлігін көрсеткен жоқ. Екеуі ерегесіп қалды. Сол кезде қазақстандық оны бір ұрды. Оны да соққыға жыққан.
Бішкектің ішкі істер органдары таратқан мәліметке сәйкес, 17 тамызда "102"-ге Жас Гвардия даңғылында милиционер ұрғаны туралы хабар түскен.
"Сол күні сағат 14:00-де қазақтандық К. А. Жас Гвардия даңғылы мен Тоқтағұл көшесінің қиылысында милиция қызметкерінің заңды талабына бағынбай, бұзақылық ниетпен оны себепсіз ұрған. Тергеуге дейінгі тексерістің нәтижесінде Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 280-бабы, 2-бөлігі бойынша іс қозғалды", — делінген ресми хабарламада.
Ал А. А. есімді милиция қызметкері ұлттық госпитальдің көмегіне жүгінді. Оның мұрын сүйегі сынған, көзі көгеріп, бас сүйек-ми жарақатын алды. "Миы шайқалды" деген диагноз да қойылды.
"2003 жылы туған күдікті К. А. Бішкек қаласы ішкі істер басқармасының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды. Ленин аудандық сотының үкімімен үй қамаққа отырғызылды. Оның анасы жазбаша арыз түсіріп, белгісіз адамдарға қатысты шара қолдануды сұрады. Олар, шамамен, 14:00-де баласына дене жарақатын салған", — дейді милиция қызметкерлері.
Қазіргі кезде милиция қызметкері мен күдіктіке қатысты сараптамалар тағайындалды. 18 тамызда қылмыстық іс Ленин аудандық прокуратурасына жіберді. Тергеу шаралары жалғасып жатыр.