Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

© Photo : Polisia.kzАқтөбе облысы жол апаты
Ақтөбе облысы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысында қайғылы жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
21 тамыз күні сағат 12:30-да Темір ауданына қарасты “Покровка – Жаңажол” автожолының 54-ші шақырымында Қандыағаш қаласынан Кеңкияқ ауылы бағытында Lada Largus автокөлігі аударылып қалған.
Апат салдарынан автокөлік құралын басқарған 40 жастағы әйел және үш жолаушы (оның ішінде бір бала) оқиға орнында, тағы бір жолаушы ауруханада көз жұмды.
Сонымен қатар бес адам (оның ішінде үшеуі бала) Кеңкияқ ауруханасына жатқызылды.
Жаңалықтар
0