https://sputnik.kz/20220822/aqtau-akimi-erekshe-salonga-shashyn-aldyrtuga-bardy-26909315.html
Ақтау әкімі ерекше салонға шашын алдыртуға барды
Ақтау әкімі ерекше салонға шашын алдыртуға барды
Sputnik Қазақстан
Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен облыс басшысының бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров ерекше салонға кезексіз бірінші болып кірді 22.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-22T09:28+0500
2022-08-22T09:28+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
шаштараз
әкім
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e6/08/16/26906897_0:0:3286:1848_1920x0_80_0_0_1b6e0fdb86613213aab96c8c407ce77f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласында "Апельсин" сұлулық салоны ашылды. Оның басты ерекшелігі сол, шеберлердің бәрі – мүмкіндігі шектеулі азаматтар, деп хабарлайды жергілікті Inaktau.kz порталы. Қазіргі кезде салонда көзі көрмейтін 10 адам және есту қабілеті бұзылған 5 шебер жұмыс істейді. Ерекше кәсіпті ашқан Құралай Байғалиева жаңа жобасын облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту басқармасының тапсырысы аясында іске асырды. Құралай кәсіби шаштараз, стиль шебері, осы салада 33 жылдық тәжірибесі бар. 2019 жылдан бері сөйлеу, есту және көру қабілеті бұзылған адамдарды сәнді шаш үлгілеріне үйретіп келеді. Оның айтуынша, бас кезінде қиын болған. Бірақ артынан осы санаттағы адамдардың мүмкіндігі шектеулі емес екенін түсінді. "Апельсин" сұлулық салонына Ақ Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай ерекше салонға бірінші болып келді. Қала басшысына шебердің жұмысы ұнады. Қилыбай жаңа кәсіпке сәттілік тіледі. "Сұлулықты жасау оңай жұмыс емес. Ал оны ұстап тұру одан да ауыр. Салон командасына сәттілік тілеймін! Шеберлердің шығармашылық жетістіктері көп болсын", - деп атап көрсетті Қилыбай.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/16/26906897_125:0:2589:1848_1920x0_80_0_0_a6e4fa8f73d562738218681e647a32d9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шаштараз, әкім, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, ақтау
шаштараз, әкім, мүмкіндігі шектеулі тұлғалар, ақтау
Ақтау әкімі ерекше салонға шашын алдыртуға барды
09:28 22.08.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай мен облыс басшысының бірінші орынбасары Бекбол Орынбасаров ерекше салонға кезексіз бірінші болып кірді
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Ақтау қаласында "Апельсин" сұлулық салоны ашылды. Оның басты ерекшелігі сол, шеберлердің бәрі – мүмкіндігі шектеулі азаматтар, деп хабарлайды жергілікті
Inaktau.kz порталы.
Қазіргі кезде салонда көзі көрмейтін 10 адам және есту қабілеті бұзылған 5 шебер жұмыс істейді. Ерекше кәсіпті ашқан Құралай Байғалиева жаңа жобасын облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту басқармасының тапсырысы аясында іске асырды.
Құралай кәсіби шаштараз, стиль шебері, осы салада 33 жылдық тәжірибесі бар. 2019 жылдан бері сөйлеу, есту және көру қабілеті бұзылған адамдарды сәнді шаш үлгілеріне үйретіп келеді.
Оның айтуынша, бас кезінде қиын болған. Бірақ артынан осы санаттағы адамдардың мүмкіндігі шектеулі емес екенін түсінді.
"Әрине, қиындықтар болды. Бірақ уақыт өте келе, мүмкіндігі шектеулі адамдардың басқа мамандармен бірдей сапалы қызмет көрсете алатынына көзім жетті. Биыл облыстық әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамту басқармасының тапсырысы аясында осы жобаны бастадық. Алдымен қысқа мерзімді курс ұйымдастырдық. Одан кейін жаңа салон ашып, курсты сәтті аяқтаған шәкірттерімді жұмысқа алдым", - дейді Байғалиева.
"Апельсин" сұлулық салонына Ақ Ақтау әкімі Нұрдәулет Қилыбай ерекше салонға бірінші болып келді. Қала басшысына шебердің жұмысы ұнады. Қилыбай жаңа кәсіпке сәттілік тіледі.
"Сұлулықты жасау оңай жұмыс емес. Ал оны ұстап тұру одан да ауыр. Салон командасына сәттілік тілеймін! Шеберлердің шығармашылық жетістіктері көп болсын", - деп атап көрсетті Қилыбай.