Алматыда санитардың соққыға жығылуына қатысты жауапты ведомство түсініктеме берді

© Sputnik / Владимир Воронин / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы №7 қалалық аурухананың бөлім меңгерушісінің санитарды соққыға жығуына қатысты Sputnik агенттігіне түсініктеме берді.
"№7 қалалық клиникалық аурухананың науқастарды қолдау және ішкі аудит қызметіне қабылдау бөлімінің қызметкерлері арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама келіп түсті. Мән-жайды анықтау үшін бөлімнің медицина қызметкерлерімен, оның ішінде бөлім басшысы және санитармен сұхбат жүргізілді. Ішкі аудит қызметіне қабылдау бөліміндегі жұмыс барысын және микроклиматты қадағалау бойынша тапсырма берілді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігіне қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ басқармадағылар бүгін, 22 тамызда қабылдау бөлімінің барлық қызметкерінің қатысуымен кадрлық кеңес өткізу жоспарланып отырғанын хабарлады. Барлық мән-жай анықталғаннан кейін тиісті шаралар қолданылады.
Еске салсақ, №7 қалалық аурухананың қабылдау бөлімінің меңгерушісі санитарлық қызметкерді соққыға жыққаны туралы хабарлама Talgarnews басылымында жарияланды.
Басылым жәбірленушінің әріптестеріне сілтеме жасай отырып, 19 жастағы жігіттің басы қанталап кеткенін хабарлады.
"Аяусыз соққыға жықты. Қабылдау бөлімінде ұрып-соқты. Санитар меңгерушіден қорыққандықтан, қорғанбады да", - деп басылым қызметкерлердің сөзін келтірді.
Жәбірленуші еңбекке жарамсыздығына байланысты демалыс алып, сараптамадан өткен. Санитардың ата-анасы полицияға арызданған.
Сонымен қатар жәбірленушінің әріптестері хабарлағандай, бұл меңгеруші дәрігердің бірінші рет күш қолдануы емес. Ол қызметкерлерге психологиялық қысым көрсетуді әдетке айналдырған.
Жаңалықтар
0