Өңірлер

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған мылтық табылды

© Photo : pixabay/Jason Gillman Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 22 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының 27 жастағы тұрғынынан Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған мылтық тәркіленді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматылық полиция ер адамды Әуезов ауданының аумағынан ұстады.
27 жастағы К.есімді азамат қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде аңшылық дүкеннен қару ұрлады деген күдікке ілінді. Дәлірек айтқанда, 12 калибрлі SIBERGUN тегіс ұңғылы мылтық ұрланған.
"Заттай айғақ тәркіленді және Қылмыстық кодекстің 291-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген қылмыстық іс материалдарына қосылды", – дейді полицейлер.
Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұрын тонау қылмысы үшін сотталған.
Қазіргі уақытта күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
0