Өңірлер

Талдықорған полициясы көшеде әйелін жұрттың көзінше ұрған ер адамды іздеп жатыр

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Полиция Талдықорған қаласында болған оқиға бойынша тексерісті бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде Талдықорған қаласында түсірілген видео тарады. Ер адам әйелді ұрып жүр.
"Жүр деймін, жүр деймін мен саған, ей! Ішіне кір", - дейді ер адам. Одан кейін әйелді қолынан ұстап, сүйрей бастайды.
Ер адам халықтың көзінше әйелін ұрды деп жазылған. Куәгерлер бәрін видеоға түсіріп алды. Бірақ әйелге көмектесе алмады.
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша тексеріс басталғанын мәлімдеді.
"Бейнежазба назарға алынғанын хабарлаймыз. Аталған оқиға 20 тамыз күні кешке Талдықорған қаласындағы Қабанбай батыр мен Ақын Сара көшелеріне жақын жерде болғаны анықталды", - делінген ресми хабарламада.
Қалалық полиция басқармасына арыз түспеген. Соған қарамастан жанжалға қатысушыларды анықтауға бағытталған іздестіру іс-шаралары басталды.
Полиция зардап шеккен әйел мен оқиға куәгерлерін 8-702-807-94-27 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Жаңалықтар
0