Павлодарда полицей алабайға оқ атты – видео

© Sputnik / Екатерина ЧесноковаАлабай
Алабай - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында алабай бірнеше адамға тап берді. Оқиға орнына барған полицейлер итке оқ атты.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 06:31-де Бекхожин көшесінде иттің адам тістегені туралы хабар түсті. Сауда орталығынын артында иесіз жүрген алабай ер адамды тістеген, одан кейін көшеде жүрген жолаушыларға тап берді.
Оқиға орнына бірден АП-627 автопатрулі жіберілді. Полиция кіші лейтенанты Ерсін Шахманов азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында қызметтік тапаншасынан итке екі рет оқ атты.
Алабай тірі қалды. Оны ветеринарлық қызметке тапсырды. Қазіргі кезде иесі іздестіріліп жатыр. Ал жарақат алған 33 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Алабай оның оң жақ білегін тістеп алды.
Ер адам жұмысқа шыққанда иттің әйелге шабуыл жасағанын көрген. Содан жүгіріп барып, әйелді жауып, итпен арпалысқан. Сол кезде жарақат алды. Полиция қызметкерінің қызметтік қару қолдану фактісі бойынша тексеріс жүргізіледі.
Жаңалықтар
0