https://sputnik.kz/20220820/zhalgan-politsiya-bolimshesi-alayaqtar-26878952.html
Жалған полиция бөлімшесін ашқан алаяқтар халықты бірнеше ай бойы алдаған
Жалған полиция бөлімшесін ашқан алаяқтар халықты бірнеше ай бойы алдаған
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Үндістанның Бихар штатында адам сенбейтін алаяқтық әшкереленді. Жалған полиция бөлімшесін ашқан алаяқтар халықты 8 ай бойы... 20.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-20T10:33+0500
2022-08-20T10:33+0500
2022-08-20T10:33+0500
әлем
полиция
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e6/08/13/26875131_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_1e2d393b90cd85f1f70184e26748c3c6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Үндістанның Бихар штатында адам сенбейтін алаяқтық әшкереленді. Жалған полиция бөлімшесін ашқан алаяқтар халықты 8 ай бойы алдаған, ал жарты шақырым шалғай жерде полиция учаскесі тұрған, деп хабарлайды The Guardian басылымы.Алаяқтар күнде тәртіп сақшыларының формасын киіп алып, "жұмысқа" барып жүрген. Сол жерде жергілікті халықты алдап отырған. Біреуге өздері жұмыс істейтін полиция учаскесінен қызмет ұсынса, басқаларға әлеуметтік баспана мәселесін шешіп беруге уәде еткен.Қылмыс аяқ астынан ашылды. Жақын жерде кезекшілік атқарып жүрген ішкі істер органдарының қызметкері жалған полицейлерді байқап қалған. Содан бірден өз әріптестеріне хабар берген.Ресми мәліметке сәйкес, алаяқтық жасады деген күдікпен алты адам ұсталды. Алайда қылмыстық топтың басшысы қашып кетті.Үндістанда полицейлер мен солдаттардың атынан халықты алдау әрекеттері жиі кездеседі. Себебі адамдар формада жүрген қызметкерлерден қорқады, олардың айтқанына имандай сенеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/13/26875131_104:0:1241:853_1920x0_80_0_0_7119fe450c7dc56aa4d66fbdcab339ca.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алаяқ
Жалған полиция бөлімшесін ашқан алаяқтар халықты бірнеше ай бойы алдаған
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Үндістанның Бихар штатында адам сенбейтін алаяқтық әшкереленді. Жалған полиция бөлімшесін ашқан алаяқтар халықты 8 ай бойы алдаған, ал жарты шақырым шалғай жерде полиция учаскесі тұрған, деп хабарлайды
The Guardian басылымы.
Алаяқтар күнде тәртіп сақшыларының формасын киіп алып, "жұмысқа" барып жүрген. Сол жерде жергілікті халықты алдап отырған. Біреуге өздері жұмыс істейтін полиция учаскесінен қызмет ұсынса, басқаларға әлеуметтік баспана мәселесін шешіп беруге уәде еткен.
Қылмыс аяқ астынан ашылды. Жақын жерде кезекшілік атқарып жүрген ішкі істер органдарының қызметкері жалған полицейлерді байқап қалған. Содан бірден өз әріптестеріне хабар берген.
Ресми мәліметке сәйкес, алаяқтық жасады деген күдікпен алты адам ұсталды. Алайда қылмыстық топтың басшысы қашып кетті.
Үндістанда полицейлер мен солдаттардың атынан халықты алдау әрекеттері жиі кездеседі. Себебі адамдар формада жүрген қызметкерлерден қорқады, олардың айтқанына имандай сенеді.