Қоғам

Қазақстандық әскерилер "Теңіз кубогында" сәтті өнер көрсетті – видео

Жазылу
"Теңіз кубогы" сайысы Әзербайжан жақта Каспий теңізінде өтіп жатыр
Қазақстандық әскери теңізшілер Халықаралық армия ойындарында "Теңіз кубогы" сайысының кезекті кезеңінде әуе нысандарына оқ атты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қазақстан экипажы үшінші кезеңнің нәтижесі бойынша екінші орында. Бұған дейін олар теңіздегі нысандарды атып, жоғары көрсеткішке қол жеткізді.
Айта кетері, Халықаралық армия ойындары аясындағы "Теңіз кубогы" сайысы Әзербайжан жақта Каспий теңізінде өтіп жатыр. Ал Қазақстанда үш байқау өткізіліп отыр. Олар – "Артиллериядан оқ ату шеберлері", "Меридиан" және "Тактикалық мерген". Соңғы екеуі Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылды.
Елімізде өтетін сайыстарда барлығы 26 команда бағын сынайды. Олардың ішінде Әзербайжан, Армения, Беларусь, Венесуэла, Вьетнам, Зимбабве, Қытай, Қырғызстан, Мали, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның әскерилері бар.
Жамбыл облысының Гвардейск гарнизонындағы оқу-жаттығу полигонында минаатқыш есептоптарының үздіктерді анықталса, Ақмола облысының Щучинск қаласындағы "Амандық" полигонында әскери топографтардың сайысы өтеді. Ал Қарағанды облысының "Спасск" оқу-жаттығу орталығында мергендер жарысып жатыр.
Жаңалықтар
0