https://sputnik.kz/20220820/qazaqstan-belarus-nursultan-shyny-26884618.html
Қазақстан мен Беларустің әскери қызметшілері Нұрсұлтан шыңына көтерілді
Қазақстан мен Беларустің әскери қызметшілері Нұрсұлтан шыңына көтерілді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Беларустің "Орбұлақ-2022" бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің... 20.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-20T19:52+0500
2022-08-20T19:52+0500
2022-08-20T19:52+0500
қазақстан
беларусь
https://sputnik.kz/img/07e6/08/14/26884074_0:0:1281:721_1920x0_80_0_0_15eda64ffd2b3586a2d22d71ebb6e7bf.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Беларустің "Орбұлақ-2022" бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.Бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы барысында екі елдің арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңына көтерілді.Екі апта бойы екі елдің әскери қызметшілері "Көктал" оқу полигонында және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тау дайындығы орталығында шартты заңсыз қарулы құралымдарды іздеу және жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады.Жетісу облысындағы "Көктал" оқу полигонында арнайы операцияны бірлесіп жоспарлау және барлау әрекеттерін жүргізу әдістемесін әзірлеу мәселелері пысықталды. Әскери қызметшілермен артиллерия мен әскери авиацияның ұшуын, атысын ұйымдастыруға арналған практикалық сабақтар өткізілді.Естеріңізге сала кетейік, өткізілген халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар тау даярлығын жетілдіруге және арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеке құрамының жауынгерлік дағдысын арттыруға бағытталған болатын.Оқу-жаттығу еліміздің ең биік шыңдарының бестігіне кіретін Нұрсұлтан шыңына шығумен аяқталды. Екі елдің ерекше көзге түскен әскери қызметшілеріне "Қазақстан альпинисі" төсбелгісі табысталды.
қазақстан
беларусь
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/14/26884074_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_e542bcd2d8ed1f142006ebe63b71c1d4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, беларусь
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. Қазақстан мен Беларустің "Орбұлақ-2022" бірлескен оқу-жаттығуы аяқталды, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы барысында екі елдің арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілері Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңына көтерілді.
Екі апта бойы екі елдің әскери қызметшілері "Көктал" оқу полигонында және Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің тау дайындығы орталығында шартты заңсыз қарулы құралымдарды іздеу және жою бойынша бірлескен іс-қимылдарды пысықтады.
"Оқу-жаттығу барысында тәжірибелі қазақстандық нұсқаушылардың басшылығымен Беларустің арнайы операциялар күштері бөлімшелерінің жеке құрамы тау кедергілерін еңсеру техникасын, тактикалық тәсілдерді орындауды және таулы жерлердің күрделі жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуді игерді", – деп атап өтті оқу-жаттығу басшысы полковник Айдар Слямгалиев.
Жетісу облысындағы "Көктал" оқу полигонында арнайы операцияны бірлесіп жоспарлау және барлау әрекеттерін жүргізу әдістемесін әзірлеу мәселелері пысықталды. Әскери қызметшілермен артиллерия мен әскери авиацияның ұшуын, атысын ұйымдастыруға арналған практикалық сабақтар өткізілді.
Естеріңізге сала кетейік, өткізілген халықаралық тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар тау даярлығын жетілдіруге және арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеке құрамының жауынгерлік дағдысын арттыруға бағытталған болатын.
Оқу-жаттығу еліміздің ең биік шыңдарының бестігіне кіретін Нұрсұлтан шыңына шығумен аяқталды. Екі елдің ерекше көзге түскен әскери қызметшілеріне "Қазақстан альпинисі" төсбелгісі табысталды.