https://sputnik.kz/20220820/premer-ministr-pavlodar-aynalasynda-zhasyl-beldeu-qurudy-tapsyrdy-26885522.html
Премьер-министр Павлодар айналасында "Жасыл белдеу" құруды тапсырды
Премьер-министр Павлодар айналасында "Жасыл белдеу" құруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов өндірістің даму қарқыны мен Қазақстан электролиз зауытының қызметімен танысты, деп хабарлады... 20.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-20T16:46+0500
2022-08-20T16:46+0500
2022-08-20T16:46+0500
павлодар
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23272330_0:0:3173:1785_1920x0_80_0_0_abab9d98a9511c0a433470effbc5dcc5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов өндірістің даму қарқыны мен Қазақстан электролиз зауытының қызметімен танысты, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.Жылына 250 мың тонна алюминий өндіретін кәсіпорын өнімді ішкі және Түркия, Нидерланд, Бразилия, АҚШ, Италия, Болгария, Польша, Норвегия секілді шетелдік нарыққа шығарады. Әлихан Смайылов зауыттың облыс экономикасына сүбелі үлес қосып, әлеуметтік міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Дейтұрғанмен кәсіпорын өндіріс қарқыны мен экспорттық бағытын сақтап, жаңа нарықтарды игеру керек.Әлихан Смайылов "Еуразиялық Топ" ЖШС, "Қазақстан алюминиі"АҚ, "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ, "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ секілді ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар басшыларымен кездесті. Кездесу барысында өндірісті заманауи технологияларға көшіру, қоршаған ортаны қорғау, атмосфераға зиянды қалдықтарды шығаруды төмендету және атмосфералық ауа сапасын мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу мәселері талқыланды.Премьер-министр ірі кәсіпорындармен бірлесе Павлодар айналасында "Жасыл белдеу" құру мәселесін пысықтау керектігін қадап айтты. Бұл қаланың экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді."Ірі кәсіпорындар жұмысы заманауи экологиялық және қолжетімді технологияларға көшірілуге тиіс. Тау-кен металлургия және энергетикалық өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіріс қалдықтарын азайту, қайта өңдеу мен оларды қайта пайдаланудың стратегиясын әзірлеу керек", - деді Әлихан Смайылов.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/03/23272330_210:0:2939:2047_1920x0_80_0_0_44793e0e2b9e87d389b845405373b6d3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, әлихан смайылов
павлодар, әлихан смайылов
Премьер-министр Павлодар айналасында "Жасыл белдеу" құруды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов өндірістің даму қарқыны мен Қазақстан электролиз зауытының қызметімен танысты, деп хабарлады Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жылына 250 мың тонна алюминий өндіретін кәсіпорын өнімді ішкі және Түркия, Нидерланд, Бразилия, АҚШ, Италия, Болгария, Польша, Норвегия секілді шетелдік нарыққа шығарады. Әлихан Смайылов зауыттың облыс экономикасына сүбелі үлес қосып, әлеуметтік міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайтынын атап өтті. Дейтұрғанмен кәсіпорын өндіріс қарқыны мен экспорттық бағытын сақтап, жаңа нарықтарды игеру керек.
Әлихан Смайылов "Еуразиялық Топ" ЖШС, "Қазақстан алюминиі"АҚ, "Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы" АҚ, "Қазхром" Трансұлттық компаниясы" АҚ секілді ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар басшыларымен кездесті. Кездесу барысында өндірісті заманауи технологияларға көшіру, қоршаған ортаны қорғау, атмосфераға зиянды қалдықтарды шығаруды төмендету және атмосфералық ауа сапасын мониторингілеудің автоматтандырылған жүйесін енгізу мәселері талқыланды.
Премьер-министр ірі кәсіпорындармен бірлесе Павлодар айналасында "Жасыл белдеу" құру мәселесін пысықтау керектігін қадап айтты. Бұл қаланың экологиясын жақсартуға мүмкіндік береді.
"Ірі кәсіпорындар жұмысы заманауи экологиялық және қолжетімді технологияларға көшірілуге тиіс. Тау-кен металлургия және энергетикалық өнеркәсіптік кәсіпорындар өндіріс қалдықтарын азайту, қайта өңдеу мен оларды қайта пайдаланудың стратегиясын әзірлеу керек", - деді Әлихан Смайылов.