Елорда тынысы

Нұр-Сұлтандағы апат: мыңдаған адам сусыз қалды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында су құбыры жарылып, мыңдаған адам сусыз қалды. Қазір аулаларды су таситын көліктер аралап жүр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін таңғы сағат 7:40-та Алматы ауданында орналасқан Д=400 су құбыры жарылды. Апат тура Тәуелсіздік даңғылы мен күйші Дина көшесінің қиылысында болған. Қазір бірнеше көшенің тұрғындары сусыз қалды.
"Атап айтқанда, Тәуелсіздік даңғылы, күйші Дина мен Бейімбет Майлин көшелерінің бойында су жоқ. Көлікпен су жеткізу ұйымдастырылды", - делінген Астана су арнасының ресми хабарламасында.
Апатты жою жұмыстары түнгі сағат 23:30-ға дейін жалғасады деген жоспар бар. Оған дейін су болмайды.
Жаңалықтар
0