https://sputnik.kz/20220820/efiopiyalyq-ushqyshtar-ushaq-auezhayga-qonardan-aldyn-uyyqtap-qalgan--26886860.html
Эфиопиялық ұшқыштар қонардан алдын ұйықтап қалған
Эфиопиялық ұшқыштар қонардан алдын ұйықтап қалған
Sputnik Қазақстан
Ұшақ әуежайдың жанынан ұшып өткен кезде дабыл белгісі іске қосылған 20.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-20T18:17+0500
2022-08-20T18:17+0500
2023-08-09T12:32+0500
ұшқыш
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0a/17571859_0:0:3154:1774_1920x0_80_0_0_da35f182663dcbde2f0fdb205a7932e8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Эфиопияда ұшқыштар ұшып бара жатып ұйықтап қалған, деп хабарлады NOS."Ethiopian Airlines әуе компаниясы ұшақты уақытында қондырмаған екі ұшқышқа қатысты жағдайды тексеріп жатыр. Тергеу барысында олар жұмыстан шеттетілді", - делінген хабарламада.Ұшақ Суданнан Эфиопияға бағыт алған. Бірақ ұшу жазбасы оның әуежайдың жанынан ұшып өткенін көрсетіп отыр.The Aviation Herald басылымының хабарлауынша, ұшқыштар қатты шаршағандықтан штурвалды автопилотқа қойып, ұйықтап қалған. Ұшақ қонуға жақындаған кезде диспетчерлер ұшақтың төмен түспегенін байқайды. Осы уақытта әуе диспетчер қызметі экипажбен байланысуға тырысқан.Ұшу-қону жолағынан өтіп кеткеннен кейін автопилот ажыратылып, дабыл белгісі іске қосылған. Осыдан кейін ұшқыштар ұшақты бұрып, жерге 25 минут кешігіп қонған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/0a/17571859_423:0:3154:2048_1920x0_80_0_0_5aff5e5c9378ff2cbf3a663252796756.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшқыш
Эфиопиялық ұшқыштар қонардан алдын ұйықтап қалған
18:17 20.08.2022 (жаңартылды: 12:32 09.08.2023) Ұшақ әуежайдың жанынан ұшып өткен кезде дабыл белгісі іске қосылған
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Эфиопияда ұшқыштар ұшып бара жатып ұйықтап қалған, деп хабарлады
NOS. "Ethiopian Airlines әуе компаниясы ұшақты уақытында қондырмаған екі ұшқышқа қатысты жағдайды тексеріп жатыр. Тергеу барысында олар жұмыстан шеттетілді", - делінген хабарламада.
Ұшақ Суданнан Эфиопияға бағыт алған. Бірақ ұшу жазбасы оның әуежайдың жанынан ұшып өткенін көрсетіп отыр.
The Aviation Herald басылымының хабарлауынша, ұшқыштар қатты шаршағандықтан штурвалды автопилотқа қойып, ұйықтап қалған. Ұшақ қонуға жақындаған кезде диспетчерлер ұшақтың төмен түспегенін байқайды. Осы уақытта әуе диспетчер қызметі экипажбен байланысуға тырысқан.
Ұшу-қону жолағынан өтіп кеткеннен кейін автопилот ажыратылып, дабыл белгісі іске қосылған. Осыдан кейін ұшқыштар ұшақты бұрып, жерге 25 минут кешігіп қонған.