https://sputnik.kz/20220820/aqtobe-oblysy-iri-qara-qyryla-bastady-26877925.html
Ақтөбе облысында ірі қара қырыла бастады
Ақтөбе облысында ірі қара қырыла бастады
Sputnik Қазақстан
Мамандар вирустың өте қауіпті екенін мойындап отыр 20.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-20T09:48+0500
2022-08-20T09:48+0500
2022-08-20T09:48+0500
өңірлер
ақтөбе облысы
мал
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182496_0:8:3615:2041_1920x0_80_0_0_27f143ce49809b916f7ec66b4733dd44.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Көкүй ауылында ірі қара белгісіз індеттен қырыла бастады.Қазір бұл ауылдан ет, сүт өнімдерін шығару мен пайдалануға тыйым салынған, деп хабарлайды КТК телеарнасы.Сараптама ірі қараның вирусты диареядан өлгенін растады. Бірақ малдың іші неліктен өткенін ветеринарлар әзірге білмейді. Айтуынша, мұндай жағдай өңірде алғаш рет тіркеліп отыр. Дегенмен вирустың өте қауіпті екенін мойындайды. Сондықтан шектеу шаралары қолға алынған."Тексеру нәтижесінде вирусты диарея деген диагноз қойылды. Инфекциялық ауру, қызуы көтеріледі, асқазаны ауырады, диарея басталады. Инфекциялық аурудың таралу қаупі әрдайым бар. Бірақ бүгінде тыныш, ертең шектеу шараларын қолданғанннан кейін бұл ауру тоқтайды деп ойлаймыз", - деді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.Ауылдан мал атаулы шығарылмайды, сырттан кіргізілмейді. Сонымен қатар ет, сүт өнімдерін пайдалануға болмайды. Бұл шектеулер әзірге бір айға созылады. Осы уақыт ішінде ауылдағы барлық ірі қараға вакцина салынып, қора-қопсыны дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0c/15182496_442:0:3173:2048_1920x0_80_0_0_fa7cea4f54171d4421e0c26440326e2e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, мал
Ақтөбе облысында ірі қара қырыла бастады
Мамандар вирустың өте қауіпті екенін мойындап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысы Көкүй ауылында ірі қара белгісіз індеттен қырыла бастады.
Қазір бұл ауылдан ет, сүт өнімдерін шығару мен пайдалануға тыйым салынған, деп хабарлайды
КТК телеарнасы.Сараптама ірі қараның вирусты диареядан өлгенін растады. Бірақ малдың іші неліктен өткенін ветеринарлар әзірге білмейді. Айтуынша, мұндай жағдай өңірде алғаш рет тіркеліп отыр. Дегенмен вирустың өте қауіпті екенін мойындайды. Сондықтан шектеу шаралары қолға алынған.
"Тексеру нәтижесінде вирусты диарея деген диагноз қойылды. Инфекциялық ауру, қызуы көтеріледі, асқазаны ауырады, диарея басталады. Инфекциялық аурудың таралу қаупі әрдайым бар. Бірақ бүгінде тыныш, ертең шектеу шараларын қолданғанннан кейін бұл ауру тоқтайды деп ойлаймыз", - деді Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Иса Базаров.
Ауылдан мал атаулы шығарылмайды, сырттан кіргізілмейді. Сонымен қатар ет, сүт өнімдерін пайдалануға болмайды. Бұл шектеулер әзірге бір айға созылады. Осы уақыт ішінде ауылдағы барлық ірі қараға вакцина салынып, қора-қопсыны дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.