https://sputnik.kz/20220819/ukimet-basshysy-ertis-avtokopir-26871797.html
Үкімет басшысы Ертіс үстімен автокөпір салуға қаражат қарастыруды тапсырды
Үкімет басшысы Ертіс үстімен автокөпір салуға қаражат қарастыруды тапсырды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде... 19.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-19T20:48+0500
2022-08-19T20:48+0500
2022-08-19T20:48+0500
өңірлер
павлодар облысы
көпір
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24735624_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_5f02874c3338070dc840384b53aa5045.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.Үкімет басшысы Павлодар облысы тау-кен өндіру, металлургия, химия өнеркәсібі және құрылыс саласы бойынша белсенді түрде дамып келе жатқан еліміздің аса маңызды индустриялық өңірлерінің бірі екенін атап өтті.2022 жылы облысты дамытуға шамамен 134 млрд теңге қарастырылған, оған қоса республикалық бюджетті нақтылау аясында қосымша 23 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.Кеңесті қорытындылай келе, премьер-министр индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, ұлттық экономика министрліктеріне облыс әкімдігімен бірлесіп Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін салуға, "Ленин – Ертіс – Русская поляна" және "1-МАЭС – Басқамыс –Разумовка" жолдарын реконструкциялауға, сумен жабдықтау объектілерін салуға және жылумен жабдықтау желілерін жаңартуға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/05/0a/24735624_218:0:1418:900_1920x0_80_0_0_b642c4f50628123a5fc2f7b372f41dda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, көпір
Үкімет басшысы Ертіс үстімен автокөпір салуға қаражат қарастыруды тапсырды
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Павлодар облысына жұмыс сапарымен барған премьер-министр Әлихан Смайылов өңірдің кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізді.
Үкімет басшысы Павлодар облысы тау-кен өндіру, металлургия, химия өнеркәсібі және құрылыс саласы бойынша белсенді түрде дамып келе жатқан еліміздің аса маңызды индустриялық өңірлерінің бірі екенін атап өтті.
2022 жылы облысты дамытуға шамамен 134 млрд теңге қарастырылған, оған қоса республикалық бюджетті нақтылау аясында қосымша 23 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.
"Бұл қаражат өңірдің әлеуметтік қажеттіліктеріне, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, агроөнеркәсіп кешенін қолдауға және басқа да инфрақұрылымдық жобаларға бағытталған. Сапалы нәтижелерге қол жеткізу үшін олардың мақсатына сай пайдаланылуын және тиімді игерілуін қамтамасыз ету қажет", — деді Әлихан Смайылов.
Кеңесті қорытындылай келе, премьер-министр индустрия және инфрақұрылымдық даму, қаржы, ұлттық экономика министрліктеріне облыс әкімдігімен бірлесіп Ертіс өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін салуға, "Ленин – Ертіс – Русская поляна" және "1-МАЭС – Басқамыс –Разумовка" жолдарын реконструкциялауға, сумен жабдықтау объектілерін салуға және жылумен жабдықтау желілерін жаңартуға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.