Өңірлер

Синоптиктер 20 тамыздағы ауа райына болжам жасады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столица Казахстана - города Нур-Султан осенью
Виды столица Казахстана - города Нур-Султан осенью - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазгидромет 20 тамыздағы ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыс антициклонмен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, елдің шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда бұршақ жаууы мүмкін.
Елдің кей жерлерінде желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, елдің шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі, солтүстікте, шығыста, республиканың орталығында түнде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді.
Күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты ыстық сақталады.
Қызылорда, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Бесқарағай ауданында Абай облысының төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтан қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с. Ауаның температурасы түнде +4+6°С, күндіз +15+17°С болады.
Алматы қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан сағады, күші 3-8 м/с. Ауаның температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С болады.
Шымкент қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 8-13, екпіні 15-20 м/с. Ауаның температурасы түнде 15-17°С, күндіз 26+28°С болады.
Жаңалықтар
0