Оқиға

Шымкентте екі үйдің шатыры өртеніп кетті

© ДЧС Алматыархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Шымкентте екі үйдің шатыры және көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға бүгін таңертең болған.
"Сағат 07:16-да Еңбекші ауданы, Н.Төреқұлов көшесі бойында орналасқан тұрғын үйдің шатыры толығымен өртеніп көршілес тұрған Школьный өткеліндегі жапсарлана соғылған тұрғын үйдің шатырыда толығымен өртке орынған. Сонымен қатар, екі бөлмесіндегі үй заттары, жапсарлана соғылған сарайдың шатырында жалын шарпыған", - делінген хабарламада.
Департамент мәліметіне сәйкес, темір бастырманың астында тұрған "Hyundai Grandeur" маркалы жеңіл автокөліктің артқы бөлігі де отқа оранған.
Өрт сағат 07:49-да оқшауланып, сағат 08:07-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Жаңалықтар
0