Елорда тынысы

Елордада алаяқтар халықтан ақша жинауға науқас қыздың суретін пайдаланған

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди гуляют вечером на набережной в Нур-Султане
Люди гуляют вечером на набережной в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Елорда тұрғыны Әнел Жұмабаеваның науқас қызының суретін пайдаланып, біреулер ақша жинаған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Кішкентай бүлдіршін орталық жүйке жүйесі мен микроцефалияның туа біткен ақауларынан зардап шегеді. Бірақ олар Айнамның атынан ешқандай қор ашпаған. Қызының еміне ақша жинап жүргендерді кездейсоқ көріп қалған ана шалқасынан түсіпті.
Әнел Жұмабаеваның айтуынша, саябақта отырған сәтінде бір жасөспірім келіп, Айнамның суретін көрсетіп оны емдеу үшін қаражат жинап жүргенін айтқан. "Өз қызымның суретін өзгенің қолынан көргенде не дерімді білмей қалдым" дейді.
"Волонтер" келіп, маған қызымның атын айтқан кезде қатты таңғалдым. Себебі ол менің қызым болатын. Ешкімге ештеңе рұқсат етілмеген болатын. Бірақ олар әлеуметтік желілерде балаларды емдеуге ақша жинау туралы хабарландырулар тауып, түпнұсқалығын дәлелдеу үшін туыстары орналастырған фотосуреттер мен құжаттарды басып шығарған. Бірақ реквизиттің номерін сұрағанымда Нұрсұлтан А деген жігіттің нөмірі шықты", - дейді Әнел Жұмабаева.
Анасының айтуынша, Нұрсұлтан есімді жігіт бұған дейін анасына хабарласып, "біз еркін еріктілерміз", қызыңызға көмектесе аламыз деген. Бірақ анасы рұқсат бермесе де, еріктілер еркін іске кіріскен көрінеді. Бұдан кейін Әнел Жұмабаева құзырлы органдарға жүгінген.
"Кешкі 8-ден бастап, 01:00 дейін Есіл ауданының полиция бөлімшесінде жүрдік. Ешкім бізден арызды қабылдағысы келмеді. Бірақ шу шығарғаннан соң ғана тергеуші арызымызды қабылдады. Оның өзінде қоғамдық орында орынсыз мазалағандары үшін деп қайырды. Бірақ бұл жерде менің қызымның суретін пайдаланғаны үшін деп жазып берген болатынмын", - дейді айнамның анасы.
Журналистер Нұрсұлтан есімді жігітке осы мәселе бойынша телефон арқылы хабарласып көрді. Бірақ ол "қайда шағымдансаңдар да бәрібір" деп сөйлесуден бас тартты. Бірақ, жұмыс іздеген "Ерікті" ретінде хабарласқанда тілдескен. Бір адамның байланыс нөмірін берген.
"Ертең 11:00-де саябаққа келіңіз. Сол жерде сізге қолыңызға арнайы құжат пен тәттілерді береміз. 15 тәттіні сатсаңыз, 5000 мың теңге. Қазір біз бір отбасыға көмек көрсетіп жатырмыз. Тәттіден түскен қаржыны сол отбасыға береміз", - дейді волонтер.
Ал "тәттіден түскен қаражатты алатын" отбасы бұдан бейхабар көрінеді. Айтуынша, бұған дейін Роман есімді жігіт хабарласқан, бірақ біз келісім бермегенбіз дейді науқас баланың әкесі.
Заңгер Жандос Тұяқов еріктілердің бұл әрекеті заңсыз дейді. Жиналған қаражаттың кімнің қалтасына кетіп жатқаны да белгісіз. Жәбірленуші тарап арыз жазбаған соң, екінші тарап жазаға тартылмайтынын біліп, жалған кәсібін ары қарай дөңгелете береді дейді.
"Қылмыстық іс жәбірленуші арыз жазғаннан кейін бірақ қозғалады. Сол себептен бүгінгі таңда, яғни мемлекеттік деңгейінде жаңағы жалған қайырымдылықты жүзеге асыру деген бапты енгізу қажеттілігі туындап тұр", - деп түсіндірді Заңгер Жандос Тұяқов.
Өздерін "еріктіміз" деп таныстыратын еріктілер қала көшелері мен саябақтарда толып жүр. Құзырлы орган жәбірленушіден арыз түссе ғана тексереміз дейді. Бірақ Әнел Жұмабаеваның шағымын қылмыстық құрам жоқ деп тоқтатқан көрінеді.
Жаңалықтар
0