https://sputnik.kz/20220819/qyzylorda-lada-granta-siyr-26858974.html
Қызылордада Lada Granta сиырға соғылды – бір адам қайтыс болды
Қызылордада Lada Granta сиырға соғылды – бір адам қайтыс болды
Sputnik Қазақстан
Жол апаты Қармақшы ауданындағы Ақтөбе елді мекеніне жақын жерде болған 19.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-19T14:12+0500
2022-08-19T14:12+0500
2023-08-10T11:58+0500
өңірлер
қызылорда облысы
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14576924_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_2f6aa8dc34f0a6edbdd1d93e7f654ec0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында Lada Granta маркалы көлік жолға шығып кеткен сиырға соғылды. Оқиға болған жерде бір жолаушы қайтыс болды, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz7Ресми мәліметке сәйкес, 16 тамызда сағат 21:15-тің шамасында "Шымкент-Самара" тас жолының бойында Lada Granta автокөлігі иесіз жүрген сиырға соғылды. Жол апаты Қармақшы ауданындағы Ақтөбе елді мекеніне жақын жерде болған. Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мал иесі іздестіріліп жатыр.
қызылорда облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/07/1b/14576924_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_3ad262ec409295d0d0038d8f80f55361.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылорда облысы, жол апаты
қызылорда облысы, жол апаты
Қызылордада Lada Granta сиырға соғылды – бір адам қайтыс болды
14:12 19.08.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Жол апаты Қармақшы ауданындағы Ақтөбе елді мекеніне жақын жерде болған
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қызылорда облысында Lada Granta маркалы көлік жолға шығып кеткен сиырға соғылды. Оқиға болған жерде бір жолаушы қайтыс болды, бірнеше адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz7
Ресми мәліметке сәйкес, 16 тамызда сағат 21:15-тің шамасында "Шымкент-Самара" тас жолының бойында Lada Granta автокөлігі иесіз жүрген сиырға соғылды. Жол апаты Қармақшы ауданындағы Ақтөбе елді мекеніне жақын жерде болған.
"Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Одан бөлек, бір азаматша және оның екі кәмелетке толмаған балалары дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілсе, көлік жүргізуші алған дене жарақаттарынан жансақтау бөліміне жатқызылды", - дейді полицейлер.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Мал иесі іздестіріліп жатыр.