https://sputnik.kz/20220819/qazaqstan-shekara-beketter-26842242.html
Қазақстан шекарасында бекеттерден өту уақыты 25 минутқа дейін қысқарады
Қазақстан шекарасында бекеттерден өту уақыты 25 минутқа дейін қысқарады
Sputnik Қазақстан
Үкіметте шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту мәселелері талқыланды 19.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-19T08:39+0500
2022-08-19T08:39+0500
2022-08-19T08:39+0500
қоғам
шекара бекеті
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_0:157:1600:1057_1920x0_80_0_0_829a9452c5018ccc595b027c5daccab3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеттері жаңғыртылғаннан кейін, өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналиновтың айтуынша, қазіргі уақытта ЕАЭО сыртқы шекарасындағы тоғыз күре жол мен бір теміржол өткізу бекетін, Нұр-Сұлтан қаласындағы бас диспетчерлік басқарманы жаңғырту және техникалық жарақтандыру жүргізіліп жатыр.Реконструкциялау екі кезеңмен жүзеге асырылады. Яғни 2022-2023 жылдары – "Достық авто", "Достық т/ж", "Майқапшағай", "Бақты", "Қалжат", "Тәжен", "Қапланбек", "Темір Баба", ал 2023-2024 жылдары – "Атамекен", "Қазығұрт" және БДБ өткізу бекеттері жаңғыртылады.Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттардың бәрі әзірленді. Құрылыстың бастапқы кезеңінде барлық нысан бойынша сапалы және уақытылы орындалуын бақылау үшін жұмыс кестелерін бекіту көзделген.Кеңес қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жаңғыртылатын бекеттерде байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру мәселесін пысықтауды тапсырды."Осы бекеттер арқылы тауар айналымының ұлғаюына байланысты бюджетке қосымша түсімдер түседі. Бұл ретте жобаны іске асыруды тездету қажеттігіне назар аударғым келеді", — деді премьер-министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1259/35/12593557_177:0:1600:1067_1920x0_80_0_0_4a391afaf4489e611e109e11d5cd6922.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шекара бекеті
Қазақстан шекарасында бекеттерден өту уақыты 25 минутқа дейін қысқарады
Үкіметте шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту мәселелері талқыланды
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Қазақстан шекарасындағы өткізу бекеттері жаңғыртылғаннан кейін, өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте айтылды.
ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жаналиновтың айтуынша, қазіргі уақытта ЕАЭО сыртқы шекарасындағы тоғыз күре жол мен бір теміржол өткізу бекетін, Нұр-Сұлтан қаласындағы бас диспетчерлік басқарманы жаңғырту және техникалық жарақтандыру жүргізіліп жатыр.
Реконструкциялау екі кезеңмен жүзеге асырылады. Яғни 2022-2023 жылдары – "Достық авто", "Достық т/ж", "Майқапшағай", "Бақты", "Қалжат", "Тәжен", "Қапланбек", "Темір Баба", ал 2023-2024 жылдары – "Атамекен", "Қазығұрт" және БДБ өткізу бекеттері жаңғыртылады.
"Нәтижесінде олардың өткізу қабілеті сегіз есеге дейін ұлғайып, өту уақыты 2 сағаттан 25 минутқа дейін қысқарады. Сонымен қатар бизнес-процестерді автоматтандыру, кедендік бақылауды орталықтандыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайту жөніндегі шараларды қолға алу жоспарланған", - деп хабарлайды primeminister.kz.
Бүгінгі күні жобалық-сметалық құжаттардың бәрі әзірленді. Құрылыстың бастапқы кезеңінде барлық нысан бойынша сапалы және уақытылы орындалуын бақылау үшін жұмыс кестелерін бекіту көзделген.
Кеңес қорытындысы бойынша Әлихан Смайылов цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жаңғыртылатын бекеттерде байланыс арналарының өткізу қабілетін арттыру мәселесін пысықтауды тапсырды.
"Осы бекеттер арқылы тауар айналымының ұлғаюына байланысты бюджетке қосымша түсімдер түседі. Бұл ретте жобаны іске асыруды тездету қажеттігіне назар аударғым келеді", — деді премьер-министр.