Қоғам

Полиция Назарбаев университетіне қатысты ақпаратты тексеруге кірісті

© Sputnik / Болат ШайхиновНазарбаев университет
Назарбаев университет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
Блогердің айтуынша, Назарбаев университетінде жоғары курс студенттері ғана емес, профессор оқытушылар да жас қыздарға тиіседі
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Есіл аудандық полиция басқармасы әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша тексеріс бастады.
"Әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде жас қыздың бейнеүндеуі анықталды. Ол Назарбаев университетінің профессорлық-оқытушылық және техникалық персоналы тарапынан қысым көрсету және зорлау жағдайлары, сондай-ақ жоғары курс студенттерінің төменгі курс қыздарына қысым көрсету фактілері жайында мәлімдеді", - делінген ресми хабарламада.
"Есіл" ауданының полиция басқармасы видеода айтылған мәселелерді тексеруге кірісті. Айта кетері, әлеуметтік желіде Адина есімді блогер қыздың бейнеүндеуі тарады.
Оның айтуынша, Назарбаев университетінде жоғары курс студенттері ғана емес, профессор оқытушылар да жас қыздарға тиіседі. Зорлау фактілері де болған.
"Менің бір құрбымды зорлап кетті Дәл сол адам тағы бір құрбымды көндіруге тырысқан. Айтпақшы, ол кісі университетте өте танымал болды, тіпті, бір клубты басқарды", - дейді блогер.
Оның айтуынша, тағы бір адам екі қызды зорлаған. Ал профессор 16 жастағы қызға тиіскен.
"Бір қыз осындай жағдайдан кейін университеттен кетіп қалды. Кеткеннен кейін ғана бәрін ашық айтты. Басқа қыздарды білмеймін, олар да шығып кеткен шығар, дәрі қабылдап жүр ме. Зертханада жүргенде бір кісі кәмелет жасқа толмаған қызға, маған да тиіскен. Профессор да солай істейді", - деп атап көрсетті ол.
Жаңалықтар
0