Өскеменде өткен арнайы операцияның видеосы жарияланды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Өскемен қаласына синтетикалық есірткіні жеткізу арнасы жойылды. Арнайы операция кезінде үш адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Полицейлер алдымен Алматы қаласынан келген ер адамды құрықтады. Ол күдікке ілінбес үшін өзімен бірге жұбайын да жолға алып шыққан. Бірақ қулығы іске аспады. Оның көлігінен 3,5 мың дозаға жететін 1 келіге жуық синтетикалық есірткі табылды. Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны қамауға алынды.
"Біраз уақыттан соң қылмыстық топтың екінші қатысушысы да қолға түсті. Ұсталған 29 жастағы ер адамнан 2 мың дозаға тең 600 грамм синтетикалық есірткі тәркіленді", - дейді полицейлер.
Арнайы операция кезінде Өскеменге келген Ақтөбе қаласының 24 жастағы тұрғыны да ұсталды. Тінту кезінде жарты келіден асатын "Альфа-PVP" психотроптық сұйықтығы бар 5 пластикалық ыдыс тәркіленді.
Осылайша шамамен 8 мың доза есірткіні жеткізу арнасы жойылды. Тәркіленген есірткінің жалпы құны 65 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауда отыр.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, аса ірі мөлшерде) бойынша тергеу басталды. Оған сәйкес, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Жаңалықтар
0