Елорда тынысы

Елордада бірнеше жол учаскесі жабылады

© Sputnik / Владислав ВодневОграждение на ремонтируемом участке дороги
Ограждение на ремонтируемом участке дороги - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше жол учаскесі жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

"20-22 тамыз аралығында Қабанбай батыр даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Сарайшық көшесінен Дінмұхамед Қонаев көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар әкімдік Мұхтар Әуезов көшесіндегі жол төсемін жөндеудің басталғаны туралы хабарлады.

"Осыған байланысты 19-21 тамыз аралығында Сәкен Сейфуллин көшесінен Әліби Жангелдин көшесіне дейінгі учаскеде автокөлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады", - деп хабарлады әкімдіктегілер.
Сондай-ақ, Ақмешіт көшесінде жөндеу жұмыстары басталды. 19-22 тамыз аралығында Ақмешіт көшесінің Достық көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі бөлігіндегі автокөлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет екені ескертілді.
Жаңалықтар
0