Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Донецкте 1100-ден астам мектеп пен балабақша 1 қыркүйекке дайын

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуДонецк. Архивное фото
Донецк. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз – Sputnik. Донецк Халық Республикасындағы 1100-ден астам мектеп пен мектепке дейінгі мекеме оқу жылының басталуына дайын, деп хабарлайды РИА Новости.
ДХР білім министрі Ольга Колударова Мариупольде өткен педагогикалық кеңесте 1 қыркүйекке дайындық туралы айтты.
"Білім беру ұйымдарының инфрақұрылымдық желісі мектепке дейінгі, мектеп, жалпы орта, кәсіптік, жоғары және қосымша білім беретін 1 312 білім беру ұйымын қамтиды", - деді Колударова.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда 584 жалпы білім беру ұйымы, 577 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 60 орта кәсіптік білім беру ұйымы, 17 жоғары білім беру ұйымы және 73 қосымша білім беру ұйымы оқу процесін бастауға дайын.
Жаңалықтар
0