Атырау облысында шекарашы сарбаз көз жұмды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 19 тамыз - Sputnik. 17 тамызда Атырау облысындағы мемлекеттік шекара учаскелерінің бірінде кезекшілік атқару кезінде мерзімді әскери қызметші Нұрбек Ерғалиев көз жұмды, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.
Сот-медициналық сараптама "жүректің кенеттен тоқтағанын" анықтаған.
"ҰҚК Шекара қызметінің басшылығы мен жеке құрамы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады, оның отбасына қажетті көмек көрсету шаралары қабылданады", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Тергеу органдары әскери қызметкердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады.
"Ақ Жайықтың" хабарлауынша, ол Каспий теңізі жағасындағы "Жанбай" заставасында әскери борышын өтеп келген, әріптестерімен бірге шекараны күзетуге аттанған. Алайда олардың қызметтік көлігі бұзылып, аптап ыстықтан әскери қызметшінің денсаулығы нашарлаған болуы мүмкін.
Жаңалықтар
0