https://sputnik.kz/20220818/yandekstaksi--ministrler-kompaniya-26816116.html
Яндекс.Таксиге тіркелу тәртібі өзгеруі мүмкін
Яндекс.Таксиге тіркелу тәртібі өзгеруі мүмкін
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Яндекс GO" компаниясының бас директоры Александр... 18.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-18T10:25+0500
2022-08-18T10:25+0500
2022-08-18T11:05+0500
такси
https://sputnik.kz/img/07e6/08/12/26815653_0:112:1080:720_1920x0_80_0_0_d1368f02a4b828a28f76b026e4cf6715.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Яндекс GO" компаниясының бас директоры Александр Аникинмен кездесті. Жиынға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова да қатысты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде Яндекс платформасында 150 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олар көп жағдайда әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған. Себебі кейбір таксопарктер салық төлемейді, тиісті аударымдар жасамайды.Сондай-ақ кездесу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мәселесіне баса назар аударылды. Осы тұрғыда қосымшада тіркелген жүргізушілерді сәйкестендіру және құжаттардың дұрыстығын тексеру аса маңызды."Ол үшін биометриялық жүйені қолдануға болады. Бұл не үшін керек? Мәселен біреудің жүргізуші куәлігі жоқ немесе бөгде адамдар арқылы тіркелу оқиғалары кездеседі", - деп атап өтті Мусин.Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инватакси қызметін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды ұсынды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/12/26815653_44:0:1004:720_1920x0_80_0_0_4858e38c4aa0f33632465cf615fa09f7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси
Яндекс.Таксиге тіркелу тәртібі өзгеруі мүмкін
10:25 18.08.2022 (жаңартылды: 11:05 18.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин "Яндекс GO" компаниясының бас директоры Александр Аникинмен кездесті. Жиынға еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова да қатысты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде Яндекс платформасында 150 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Олар көп жағдайда әлеуметтік тұрғыда қорғалмаған. Себебі кейбір таксопарктер салық төлемейді, тиісті аударымдар жасамайды.
"Жұмыспен қамтамасыз етудің платформалық нұсқасы кең таралып жатқандықтан, мемлекет осындай платформалар арқылы табыс табатын азаматтарды қолдау жағын ойластыруы керек. Біз жүргізушілерге платформаға тікелей тіркелу (қазір таксопарктер арқылы тіркеледі - Sputnik) мүмкіндігін беруді ұсындық, сонда мемлекет оларды әлеуметтік тұрғыда қорғай алады", - деп жазды Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ кездесу кезінде азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мәселесіне баса назар аударылды. Осы тұрғыда қосымшада тіркелген жүргізушілерді сәйкестендіру және құжаттардың дұрыстығын тексеру аса маңызды.
"Ол үшін биометриялық жүйені қолдануға болады. Бұл не үшін керек? Мәселен біреудің жүргізуші куәлігі жоқ немесе бөгде адамдар арқылы тіркелу оқиғалары кездеседі", - деп атап өтті Мусин.
Ал еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі инватакси қызметін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды ұсынды.