https://sputnik.kz/20220818/shardara-qyzyn-grant-26828955.html
Шардарада қызын грантқа түсіремін деген әйел 1 млн теңгесінен айырылды
Шардарада қызын грантқа түсіремін деген әйел 1 млн теңгесінен айырылды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында алматылық алаяққа алданған әйел бір миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz. 18.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-18T16:12+0500
2022-08-18T16:12+0500
2023-08-09T09:49+0500
шардара
алаяқ
білім гранттары
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18894188_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_aa328831ae7429ae9955cf022414f6b3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында алматылық алаяққа алданған әйел бір миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.Шардара аудандық полиция басқармасына арызданған әйел танысына алданғанын айтты. 2020 жылы желтоқсан айында қызын жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беруге уәде еткен. Сол үшін 1 миллион теңге сұрады. Жәбірленуші оған сеніп, ақшасын бере салды. Бірақ екі жылдан бері грантты да, танысын да көрмеді. Полицейлер Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті Шардараға қыдырып барған. Сол кезде таныс әйелді алдап кетті. Ал ақшасы өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Қазіргі кезде алаяқ келіншектің осы іспеттес басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу шаралары басталды. Айта кетері, осы қылмыс үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.
шардара
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18894188_67:0:2798:2048_1920x0_80_0_0_ec6774a1155da7f6f8d8fcf46c96b16f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шардара, алаяқ, білім гранттары
шардара, алаяқ, білім гранттары
Шардарада қызын грантқа түсіремін деген әйел 1 млн теңгесінен айырылды
16:12 18.08.2022 (жаңартылды: 09:49 09.08.2023) НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Түркістан облысында алматылық алаяққа алданған әйел бір миллион теңгесінен айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара аудандық полиция басқармасына арызданған әйел танысына алданғанын айтты. 2020 жылы желтоқсан айында қызын жоғары оқу орнына грантқа түсіріп беруге уәде еткен.
Сол үшін 1 миллион теңге сұрады. Жәбірленуші оған сеніп, ақшасын бере салды. Бірақ екі жылдан бері грантты да, танысын да көрмеді.
Полицейлер Алматы қаласының тұрғынын анықтады. Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті Шардараға қыдырып барған. Сол кезде таныс әйелді алдап кетті. Ал ақшасы өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Қазіргі кезде алаяқ келіншектің осы іспеттес басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тергеу шаралары басталды. Айта кетері, осы қылмыс үшін 1 000 айлық есептiк көрсеткiшке (3 180 000 теңгеге) дейiнгi мөлшерде айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстары немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар, я болмаса, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамның мүлкі тәркіленеді.