Ресей мен Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшылары кездесті

© Photo : Public DomainВиды Ташкента
Виды Ташкента - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушаев пен Қазақстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Ташкентте кездесу өткізіп, Орталық Азия мен Қазақстандағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.
"Кездесу барысында Ресей мен Қазақстан арасындағы түрлі саладағы ынтымақтастықты одақтас әрі стратегиялық әріптестік аясында одан әрі дамыту жөнінде сөз қозғалды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар ненацизм, экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері қамтылды.
Жаңалықтар
0