Өңірлер

Қостанай облысында шаруаларға субсидия ретінде бөлінген 484 млн теңге ұрланды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
Сот кінәлі үш адамға үкім шығарды
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады.
Агенттіктің ақпаратынша, ақша шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар сатып алуға субсидия ретінде бөлінген.
Сот үш адамды кінәлі деп тапты. Іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.
Олар қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтейді.
Жаңалықтар
0