Экономика

Қазақстандықтар бір айда 97 келіден астам алтын құйма сатып алған

© Павел ЛисицынЗолото
Золото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Шілде айында екінші деңгейлі банктер мен банктік емес жекелеген айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 97,4 келі 2 712 алтын құйма сатылды, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын Ұлттық Банк 2017 жылы іске қосқан болатын. Бағдарлама жүзеге асқалы жалпы салмағы 3,36 тоннаға жуық 99 451 алтын құйма сатылған.
"Алтын құймалар бес түрлі салмақта ұсынылады: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Сатып алушылар арасында өте жоғары сұранысқа ие түрі – 10 грамдық алтын құйма. Жалпы сатылған құймалар арасында оның үлесі – 26%, яғни, 25 589 дана. Одан кейін 20 грамдық құйма сұранысқа ие, 21 484 дана (22%) сатылған, 5 грамдық құймадан 20 735 дана (21%), 100 грамдық құймадан 19 708 дана (19%), 50 грамдық құймадан 11 935 дана (12%) сатылды. Алтын құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында көп сатылады", - делінген хабарламада.
Қазір алтын құймаларды Halyk Bank, Еуразиялық Банк, Jusan Bank, ЦентрКредит Банкі, сондай-ақ жекелеген банктік емес пунктерден сатып алып, кері сатуға болады.
Жаңалықтар
0