Қоғам

Қазақстандық полиция бала зорлады деген күдікпен жат ағымның өкілін ұстады

© Photo : Pixabay / 4711018Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
Күдікті ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынған
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанның құқық қорғау органдары республикалық іздеу жарияланған жат діни ағымның өкілін ұстады. Ол кәмелетке толмаған балаларды зорлады деген күдікке ілініп отыр.
ІМ мәліметінше, ер адам 15 тамызда тұтқындалды.
"Кәмелетке толмаған балаларды зорлады деген күдікпен республикалық іздеуде болған Қазақстанда тыйым салынған "Таблиги Джамаат" діни-экстремистік ұйымының жақтаушысы – Теміртау қаласының 51 жастағы тұрғыны А. ұсталды", - делінген хабарламада.
Күдікті ұзақ уақыт бойы Түркия мен Қырғызстанда жасырынған.
Әрі қарай қылмыстық қудалау үшін ер адам Қарағанды ​​облысының уәкілетті органдарына тапсырылады.
Жаңалықтар
0