https://sputnik.kz/20220818/nur-sultan-darikhana-video-26802114.html
Нұр-Сұлтанда бірнеше дәріхананың жұмысы тоқтатылды – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше дәріхананың жұмысы тоқтатылды – видео
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше дәріханада қатты әсер ететін дәрілерді нашақорлар мен жасөспірімдерге рұқсатсыз сату фактілері... 18.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-18T07:02+0500
2022-08-18T07:02+0500
2022-08-18T07:02+0500
есірткі
дәріхана
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_0:50:1001:613_1920x0_80_0_0_db6c02afae4339e174020de08c4871be.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше дәріханада қатты әсер ететін дәрілерді нашақорлар мен жасөспірімдерге рұқсатсыз сату фактілері анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.Қазіргі кезде жастарды "дәріханалық нашақорлыққа" тарту фактілерінің көбеюіне байланысты тексеріс шаралары күшейтілді. Соған қарамастан фармацевтер пайда табу мақсатында қатты әсер ететін медициналық препараттарды есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге рецептсіз сатуды тоқтатар емес.Сол сияқты Молдағұлова көшесіндегі дәріханада тура сондай заң бұзушылық анықталды. Жеке кәсіпкерге 199 095 теңге көлемінде айыппұл салынды.Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында медициналық мақсаттағы бұйымдар сату ережесін бұзудың 7 фактісі анықтады.Осы орайда тәртіп сақшылары есірткі және психобелсенді заттарды рецептісіз сату фактілері туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына - 71 63 93, 32 22 22 немесе "102" арнасына хабарлауды сұрайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/36/95/369578_58:0:941:662_1920x0_80_0_0_3b2b81cf7e6b20c9637a7729d3a9f524.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі, дәріхана
Нұр-Сұлтанда бірнеше дәріхананың жұмысы тоқтатылды – видео
НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында бірнеше дәріханада қатты әсер ететін дәрілерді нашақорлар мен жасөспірімдерге рұқсатсыз сату фактілері анықталды, деп хабарлады
Polisia.kz. Қазіргі кезде жастарды "дәріханалық нашақорлыққа" тарту фактілерінің көбеюіне байланысты тексеріс шаралары күшейтілді. Соған қарамастан фармацевтер пайда табу мақсатында қатты әсер ететін медициналық препараттарды есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге рецептсіз сатуды тоқтатар емес.
"Мәселен, елордалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жангелдин және Сығанақ көшелерінің бойындағы дәріханаларда жедел алдын алу іс-шараларын жүргізген. Сол кезде дәрілік препаратты дәрігердің рецептісіз босату фактілері қайта анықталды. Осыдан кейін жеке кәсіпкерге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы, 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен дәріханалардың қызметі 6 айға тоқтатылды", - дейді полицейлер.
Сол сияқты Молдағұлова көшесіндегі дәріханада тура сондай заң бұзушылық анықталды. Жеке кәсіпкерге 199 095 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Ресми мәліметке сәйкес, жыл басынан бері Нұр-Сұлтан қаласында медициналық мақсаттағы бұйымдар сату ережесін бұзудың 7 фактісі анықтады.
Осы орайда тәртіп сақшылары есірткі және психобелсенді заттарды рецептісіз сату фактілері туралы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының анонимді сенім телефондарына - 71 63 93, 32 22 22 немесе "102" арнасына хабарлауды сұрайды.