Көлсай мен Қайыңдыға саяхат – фото
Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін Көлсай мен Қайыңды көлдері көп жылдан бері ең тартымды әрі танымал демалыс орны болып отыр.

Автокөлік жүргізушілері карта бойынша Көлсай көлдеріне өз бетінше жете алады. Сондай-ақ Көлсай, Қайыңды және Қара шатқалға саяхатты ұсынатын туроператордың қызметін пайдалануға болады. Мұндай экскурсиялардың құны бір адам үшін 8-10 мың теңге аралығында болады.

Көлге барар жолда дала көрінісін тамашалауға болады. 40 орындық шағын автобустар Алматыдан таңғы сағат 6-да шығады. Туристік орындарға ең жақын елді мекен – Саты ауылына баратын жол бес сағатқа жуық уақытты алады.

Саты және Қарабұлақ ауылдары Алматы облысы Кеген ауданы аумағында орналасқан. Экскурсия жетекшілерінің айтуынша, осы туристік орындарда жұмыс істеп, қызмет көрсететіндердің барлығы дерлік осы екі ауылдың тұрғындары. Бұл екі ауылда "Келинка Сабина" және "Әкім" атты қазақ фильмдері түсірілген.

Көлсай көлдері Алматы облысында орналасқан, мемлекеттік ұлттық табиғи парктің құрамына кіреді. 2007 жылдың ақпан айында Қайыңды көлі мен Төменгі, Орта және Жоғарғы Көлсай кіретін Көлсай көлдері ұлттық паркі құрылды.

Көлге жаяу түсу керек. Жоғарғыдан қарағандағы көрініс таңғалдырады. Көлсай көлдері Солтүстік Тянь-Шаньның інжу-маржаны деп аталады. Көлдерді Тянь-Шань шыршасының қылқан жапырақты орманы қоршап тұр. Саябақтың аумағында өсімдіктер мен жануарлардың реликті түрлерін кездестіруге болады. Олардың арасында құбылмалы бақтақ балық та бар.

Көлдер Іле Алатауы мен Күнгей-Алатау жоталарын байланыстыратын көпірде орналасқан. Көлсай көлдері кешені теңіз деңгейінен шамамен 1800, 2500 және 2700 метр биіктіктегі аттас ұлттық саябақта орналасқан үш биік таулы су қоймасынан тұрады. Көлдердің тереңдігі 50 метрге жетеді. Көркем су айдындары бір-бірімен Көлсай өзенімен жалғасып жатыр. Көлдерді жыл он екі ай тамашалуға болады: ауа райы жылы маусым мамырдан қазанға дейін созылады.

Барлық турист ұзындығы 1 520 метр, ені шамамен 222 метр болатын Төменгі Көлсайға барады. Су айдынының ауданы 33 мың шаршы метрді құрайды. Үш көлдің ілшіндегі ең үлкені орта көл – Мыңжылғы. Ең кішісі Жоғарғы Көлсай, ол қырғыз шекарасынан он километр жерде орналасқан. Сондықтан саябаққа кіреберісте шекарашылар автобустарға кіріп, туристердің құжаттарын тексереді.

Көл көрінісінде селфи жасау – дәстүрге айналған ең сүйікті істің бірі екені анық.
Мұнда келушілердің барлығы қайық пен катамаранға мініп, көркем көлдер аясында фотосессия ұйымдастырғысы келеді. Сондықтан қайықтарға ұзын-сонар кезек туындайды. Алты орындық қайық/катамаранмен жүзу құны жарты сағатқа 5000 теңге немесе бір сағатқа 8000 теңгені құрайды. Атқа міну құны 5000 теңгеден басталады. Мұнда белсенді демалыс үшін барлығы қарастырылған: қайықпен жүзу, атпен серуендеу, Орта Көлсайға жаяу сапар, қыста көлдердің беті қатып, коньки тебуге арналған мұз айдынына айналады. Спорттық-әуесқой балық аулауға рұқсат етіледі.

Тәуелсіздік алғанға дейін мұнда үш Көлсай көліне, сондай-ақ Сары-Бұлақ асуына және Ыстықкөлге саяхатты қамтитын туристік бағдар жұмыс істеді. Қазір Мыңжылқы орта көліне атпен баруға болады. Жоғарғы Көлсайға шекара қызметінің рұқсатынсыз бару мүмкін емес.

Қайыңды көлі де ұлттық парк құрамына кіреді. Көлдің бұлай аталуына суаттан бес километр жерде өсетін қайың тоғайы әсер еткен. Тоғайдың ауданы 10 гектарға жуық.

Қайыңды көліне жету біршама шаршатады. Себебі жағалауға тікелей апаратын тас жол жоқ. Жолдың кейбір аумағын өзен арқылы еңсеру керек. Көлге жету үшін жол талғамайтын көлік немесе "УАЗик" мінген абзал. Шлагбаумға жеткеннен кейін турист көлге саяхатын жаяу немесе атпен жалғастыруы керек. Көлге сондай-ақ "экотакси" деп аталатын микроавтобуспен де жетуге болады. Көлге атпен жету үшін бір бағытқа – 3000 теңге, екі бағытқа – 5000 теңге төлеу керек.

Қайыңды атауына көлдің ортасынан аспанмен тілдесе өскен шыршалар себеп болған. Ағаштар жер сілкінісінен кейін жүз жылдан астам уақыт бұрын қураған. Алайда олар судың төмен температурасының арқасында осы күйінде қалып қойған. Жазда көл суы +6С-тан, ауа +23 С-тан жоғары көтерілмейді.

Қайыңды табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар тізіміне енгізілген. Қорық аумағында аң аулауға тыйым салынады. Сонымен қатар көлде жүзуге болмайды. Қайыңды аумағында бірнеше танымал орын бар. Олардың бірі - су айдынының көркем көрінісін тамашалауға болатын шолу алаңы. Шолу алаңына барар жолда орындықтар орналастырылған.

Қайыңды көлі 1 911 жылы қаңтарда Кемин жер сілкінісі нәтижесінде пайда болды. 1980 жылдардың соңында селден кейін көлдің ауданы қысқарды. Қайыңды Күнгей Алатау шатқалдарының бірінде теңіз деңгейінен 1867 метр биіктікте қылқан жапырақты орманның арасында орналасқан. Оның ұзындығы шамамен 400 метр. Су қоймасы өткір тасты беткейлер және тік жартастармен қоршалған. Қайыңдыдағы су қою көктен жасыл аралас көгілдір түске дейін үнемі өзгеріп отырады. Бұл бояу жүз жыл бұрын суға түскен әк пен басқа минералдардың арқасында туындайды.

Көлге баратын жол қайың тоғайы арқылы өтеді. Қайыңдыға қарай көтерілгенде, оған апарар жолда тағы екі көл бар. Халық арасында бұл көлдерді "егіз" деп атайды.

Ара гүлді өсімдіктерден шырын жинап жатыр. Әйгілі су қоймасына барар жолда көптеген дәрілік өсімдікті, сондай-ақ таңқурай, бөріқарақат, қарақаттың бұталарын кездестіруге болады. Мұнда марал, елік, қоян, борсық, түлкі мекендейді. Сондай-ақ қырғауыл, тас кекілік, бүркіт те кездеседі.

Дегенмен мына таңғажайып орында әлі күнге дейін туристік инфрақұрылым дамымағаны қынжылтады. Себебі Көлсай көлдері мен Қайыңды өз сұлулығымен адамдарды тамсандырады. Бірақ туристік нысандардың аумағында интернет пен байланыс жоқ. Дүкенде және қайықты жалға беру орындарында қолма-қол ақша төлеуге тура келеді. Еш жерде банк терминалы мен касса аппараты жоқ. Қайыққа міну үшін ақшаны ұсақтау да қиындық тудырады.