Елорда тынысы

Кіші Талдыкөлдің айналасына ағаш отырғызылады

© Photo : Пресс-служба акима Нур-Султана Кіші Талдыкөл аумағындағы болашақ экопарктің эскизі
Кіші Талдыкөл аумағындағы болашақ экопарктің эскизі - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. 28 тамыз, жексенбі күні Кіші Талдыкөлдің аумағына ағаш отырғызу жоспарланып отыр.
Бірінші кезеңде 600-ге жуық жапырақты ағаш егіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетері, Кіші және Үлкен Талдыкөл бойынша эко-урбанизм қағидаттарын пайдалана отырып, қала аумағын елорданың саябақ аймақтарымен интеграциялау бойынша жұмыс жалғасуда.
Нұр-Сұлтандағы Кіші және Үлкен Талдыкөлде экопарк құрылады. Осы мақсатта бірінші кезеңде 1 миллиард теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі таңда Үлкен Талдыкөл бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, Кіші Талдыкөл су объектісіндегі су балансын сақтап және толықтыра отырып, рекреациялық аймақ құру бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0