https://sputnik.kz/20220818/birqatar-onir-dabyldy-eskertu-26831680.html
Қар жауып, үсік жүреді: бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды
Қар жауып, үсік жүреді: бірқатар өңірде дабылды ескерту жарияланды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды. 18.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-18T17:35+0500
2022-08-18T17:35+0500
2022-08-18T17:35+0500
өңірлер
дабылды ескерту
https://sputnik.kz/img/07e6/08/12/26829147_0:90:1280:810_1920x0_80_0_0_36b84a75abc42ff7378b521f0a5a214e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды.Қазгидромет болжамынша, Нұр-Сұлтан қаласында 19 тамызда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.Ақмола облысының солтүстігінде найзағай жарқырайды, облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Облыстың батысы мен шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.Шымкентте солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі деп болжануда. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп күтілуде. Петропавлда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.Қызылорда облысында да жел күшейеді, екпіні 23 м/с дейін барады деп болжанып отыр. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады, төтенше өрт қаупі сақталады.Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, жел 23 м/с күшейеді. Оралда күндіз желдің екпіні 18 м/с құрайды.Жетісу облысының шығысында желдің күші 20-25, екпіні 28 м/с дейін барады.Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с жел соғады.Атырау облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с құрайды, күндіз 37 градус ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да жел күшейеді – күндіз екпіні 17-22 м/с.Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Түнде облыстың солтүстік-шығысы мен шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
https://sputnik.kz/20220818/qazaqstannyn-shygysynda-algashqy-qar-zhaudy-26825559.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/12/26829147_143:0:1280:853_1920x0_80_0_0_b5322bdf912259b0a1399aac7274d912.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дабылды ескерту
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанның бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды.
Қазгидромет болжамынша, Нұр-Сұлтан қаласында 19 тамызда түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Ақмола облысының солтүстігінде найзағай жарқырайды, облыстың солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз екпіні 15-20 м/с жел соғады. Облыстың батысы мен шығысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында да желдің екпіні 15-20 м/с дейін барады.
Шымкентте солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман түседі деп болжануда. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді деп күтілуде. Петропавлда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Қызылорда облысында да жел күшейеді, екпіні 23 м/с дейін барады деп болжанып отыр. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады, төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысында найзағай ойнайды, жел 23 м/с күшейеді. Оралда күндіз желдің екпіні 18 м/с құрайды.
Жетісу облысының шығысында желдің күші 20-25, екпіні 28 м/с дейін барады.
Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде және орталығында 15-20 м/с жел соғады.
Атырау облысының басым бөлігінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с құрайды, күндіз 37 градус ыстық болады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында да жел күшейеді – күндіз екпіні 17-22 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр. Түнде облыстың солтүстік-шығысы мен шығысында топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.