Бестөбе шахтасында тағы бір адамның мәйіті табылды – видео

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуШахта
Шахта - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Бестөбе кенішіндегі жұмыс істемейтін шахтада Солтүстік Қазақстан облысынан келген ер адамның денесі табылды.
Тергеушілер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 17 тамызда Степногорск қалалық полиция басқармасына Бестөбе кентіндегі "Западная" шахтасының аймағында жас жігіттің өлі денесі жатқаны туралы хабарлама түсті. Полицейлер марқұмның Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны екенін анықтады.
"Алдын ала болжамға сәйкес, ер адам шахтаға заңсыз кіремін дегенде қатты жарақат алған. Содан қайтыс болды", - дейді полицейлер.
Тәртіп сақшылары оқиға орнында түсірілген видеоны да жариялады.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 269-бабы, 1-бөлігі (Күзетілетін объектіге заңсыз кіру) бойынша тергеу шаралары басталды.
Айта кетері, 22 шілдеде Бестөбе шахтасында заңсыз алтын іздеушінің мәйіті табылған болатын. Ал үш күннен кейін тағы бір ер адамның өлі денесі табылды. Бұдан бөлек, ауыр жарақат алған екі адам табылды. Олар заңсыз жарылыс жасау кезінде тастың астында қалып қойды.
Жаңалықтар
0