https://sputnik.kz/20220818/ayel-uryp-oltirgen-er-adam-ukim-26813425.html
Түркістан облысында балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
Түркістан облысында балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
Sputnik Қазақстан
Қанды қылмысқа әйелдің бес жыл бұрынғы опасыздығы себеп болған 18.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-18T09:06+0500
2022-08-18T09:06+0500
2022-08-18T09:06+0500
өңірлер
үкім
ер адам
https://sputnik.kz/img/543/45/5434575_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_bdb66534fa0f286b1620b368ab5ab5d2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балаларының көзінше жұбайын ұрып өлтірген ер адамға үкім шығарды.Қылмыс биыл сәуір айының соңында жасалған, деп хабарлайды otyrar.kz порталы.Тергеу барысында анықталғандай, ер адам әйелінің бес жыл бұрынғы опасыздығын бетіне басып, жанжал шығарған. Ұрыс-керістің соңы қол жұмсауға ұласқан."2022 жылғы 28 сәуірде үйінде ішімдік ішіп отырған М.есімді азаматқа әйелінің бес жыл бұрын көзіне шөп салғаны есіне түседі. Қызғаныш пен ашу-ызаға булыққан ол кішкентай балаларының көзінше әйелін тепкінің астына алады. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды",- деп мәлімдеді ауданаралық сот.Қылмыстық істің материалдары сотталушының кінәсін толығымен дәлелдеді: сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, жәбірленушілер мен куәгерлердің жауабы. Ер адам кінәсін мойындады, өз ісіне өкінетінін айтты."Сот үкімімен М. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы 5-тармақшасында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп нақтылады соттағылар.Ер адам қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтейді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/543/45/5434575_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_d738bdc63c57726bb7387e09fc075ead.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үкім, ер адам
Түркістан облысында балаларының көзінше әйелін ұрып өлтірген ер адамға үкім шықты
Қанды қылмысқа әйелдің бес жыл бұрынғы опасыздығы себеп болған
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты балаларының көзінше жұбайын ұрып өлтірген ер адамға үкім шығарды.
Қылмыс биыл сәуір айының соңында жасалған, деп хабарлайды
otyrar.kz порталы.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам әйелінің бес жыл бұрынғы опасыздығын бетіне басып, жанжал шығарған. Ұрыс-керістің соңы қол жұмсауға ұласқан.
"2022 жылғы 28 сәуірде үйінде ішімдік ішіп отырған М.есімді азаматқа әйелінің бес жыл бұрын көзіне шөп салғаны есіне түседі. Қызғаныш пен ашу-ызаға булыққан ол кішкентай балаларының көзінше әйелін тепкінің астына алады. Жәбірленуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды",- деп мәлімдеді ауданаралық сот.
Қылмыстық істің материалдары сотталушының кінәсін толығымен дәлелдеді: сот-медициналық сараптаманың қорытындысы, жәбірленушілер мен куәгерлердің жауабы. Ер адам кінәсін мойындады, өз ісіне өкінетінін айтты.
"Сот үкімімен М. Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-тармағы 5-тармақшасында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, 17 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп нақтылады соттағылар.
Ер адам қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде жазасын өтейді.