Қоғам

Күзде Атырау мұнай өңдеу зауытында жөндеу басталады

© Photo : Пресс-служба Атырауского нефтеперерабатывающего завода Атырау МӨЗ
Атырау МӨЗ - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2022
Жазылу
Кәсіпорын жұмысын жалғастыра береді
НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қыркүйек айында Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Қыркүйек-қазан айларында өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына және жабдықтар мен құбырларды, электр жабдықтарын, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және бақылау-өлшеу аспаптарын куәландыруға байланысты Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын-ала жөндеу жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Бірақ кәсіпорын толығымен жөндеуге жабылмайды, зауыт 50-70% қуатпен жұмысын жалғастырады.
Атырау МӨЗ-дің артықшылығы – мұнайды қайта өңдеудің екі ағынды схемасы, яғни объектілер кезекпен тоқтап, іске қосылады, деп атап өтті ведомство.
Жаңалықтар
0